ХАМАС 20 жылдық биліктен бас тартуға дайын: Бұл не білдіреді?
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
20 жылға жуық уақыт бойы Газа секторын іс жүзінде басқарып келген ХАМАС алғаш рет азаматтық билікті басқа құрылымға беруге дайын екенін мәлімдеді. Қозғалыс өз үкіметін таратып, билікті технократтардан құралған ұлттық комитетке өткізуді бастады. Алайда бұл қадам Газадағы соғыстың аяқталғанын білдірмейді. Келіссөздердің басты түйіні әлі де өзгерген жоқ: Израиль ХАМАС толық қарусызданбайынша соғыстан кейінгі қалпына келтіруге келіспейді, ал ХАМАС мұндай талапты кезең-кезеңімен ғана орындауға дайын екенін айтады.
ХАМАС өз үкіметін таратты
Яғни ХАМАС деген кәдімгі үкімет десе болады, Еуропа Одағы, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Аустралия сияқты елдер оны террористік деп таныса, ал Ресей, Түркия, Иран, Қытай олай ойламайды. Қазақстан да ұйымға мұндай айдар тақпаған.
Бірақ енді жағдай өзгеруі мүмкін. Саудиялық Asharq Al-Awsat пен Al Hadath басылымдарының мәліметінше, ХАМАС дүйсенбіде өзінің үкіметін таратып, азаматтық басқаруды тәуелсіз технократтар комитетіне беруге дайындалып жатыр.
Бұл комитет шамамен жарты жыл бұрын АҚШ ұсынған атысты тоқтату бастамасы аясында құрылған. Оның құрамына партиялық емес технократтар мен тәуелсіз мамандар кіреді. Комитетті палестиналық экономист доктор Әли Шаат басқарады.
ХАМАС мәліметінше, арнайы ұлттық жұмыс тобы құрылып, министрліктер мен мемлекеттік мекемелердің жұмысын жаңа комитетке кезең-кезеңімен тапсыруға кіріскен.
Билік бірден ауыспайды
Газадағы үкіметтік медиа кеңсесінің директоры Исмаил ас-Савабта билік бір күнде ауыспайтынын айтты.
Оның сөзінше, жаңа комитет толық жұмысқа кіріскенге дейін қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке жауапты құрылымдар, соның ішінде Ішкі істер министрлігі, бұрынғыдай қызметін жалғастырады. Бұл әкімшілік вакуумның алдын алу үшін жасалып отыр.
Қазіргі уақытта ХАМАС құрған үкіметтік комитеттің 15 мүшесі мемлекеттік мекемелердің жұмысын уақытша үйлестіреді. Бірақ олар енді ешқандай маңызды шешімді жаңа ұлттық комитетпен келіспей қабылдай алмайды.
Израиль неге қарсы?
Ұлттық басқару комитетінің мүшелері Газаға оралып, қызметін бастауға дайын екенін мәлімдегенімен, Израиль әзірге олардың секторға кіруіне рұқсат берген жоқ. Соған қарамастан комитет өкілдері полиция, денсаулық сақтау, шекара қызметі сияқты мекемелермен алдын ала байланыс орнатып, билік ауысуына дайындық жүргізіп жатқанын айтады.
Айта кетейік, осы аптада Каирде ХАМАС пен басқа палестиналық ұйымдардың қатысуымен атысты тоқтату келісімін іске асыру жөніндегі жаңа келіссөздер өтеді. Келіссөздердің ең күрделі мәселесі – ХАМАС-тың қарудан бас тартуы. Израиль қозғалыстың толық қарусыздануын талап етеді. Ал ХАМАС мұндай мәселе тек кезең-кезеңімен шешілуі тиіс екенін және Израиль де өз әскерін Газа секторынан шығаруы қажет екенін алға тартады.
«ХАМАС қарусызданбайынша және Газа демилитаризацияланбайынша секторды қалпына келтіру болмайды», деп мәлімдеген еді Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұған дейін.
Ол сондай-ақ Израиль Газа аумағындағы буферлік аймақтарды сақтап қалатынын айтты.
Премьер-министр сондай-ақ Газа секторынан кеткісі келетін тұрғындарға мұндай мүмкіндік берілуі тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, Израиль анклавтың ішінде құрылған буферлік аймақтарды сақтап қалады.
«Газа тұрғындарының таңдау еркіндігі болуы керек: кім кеткісі келсе, кете алады. Ал кім қалса, бізге қауіп төндірмеуі тиіс. Қазір Газаның айналасында емес, оның өз ішінде жаңа шекаралық қауіпсіздік белдеуі құрылды», деді Нетаньяху.
Бұл нені білдіреді?
ХАМАС-тың азаматтық биліктен бас тартуы – қозғалыстың әскери қанатынан толықтай бас тартқанын білдірмейді. Сарапшылардың пікірінше, ұйым халықаралық қысымды азайтып, соғыстан кейінгі басқару жүйесіне жол ашуға тырысып отыр.
Сонымен қатар шешілмеген маңызды мәселелер де көп. Соның бірі – ХАМАС үкіметінде жұмыс істейтін шамамен 50 мың мемлекеттік қызметкердің тағдыры. Олардың жаңа әкімшілікке қалай интеграцияланатыны және қызметтен кететіндерге қандай өтемақы төленетіні әзірге белгісіз.
Егер билікті беру процесі жоспар бойынша жүзеге асса, бұл Газа секторындағы соңғы жиырма жылдағы ең ірі саяси өзгерістердің біріне айналуы мүмкін. Бірақ оның нақты жүзеге асуы Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздердің нәтижесіне және қауіпсіздік мәселелері бойынша қол жеткізілетін келісімдерге тікелей байланысты.
Оқи отырыңыз:
ХАМАС Газадағы өз үкіметін таратып, билікті бергенін жариялады
«Тозақ отын жаудырамын»: Трамп ХАМАС-қа соғысты тоқтату туралы шарт қойды
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты