Мемлекеттік қызметте 18 қылмыстық іс тіркеліп, жол сапасына қатысты 77 шенеунік жазаланды
Фото: Ашық дереккөзден
Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілерге қатысты 18 қылмыстық іс тіркелді. Құқықбұзушылықтардың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс, салық саласы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы бағыттарына тиесілі, деп хабарлайды Orda.kz.
Өңірде мемлекеттік қызметте 4000-нан астам адам жұмыс істейді. ҚР ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 2025 жылы аймақта 14 қылмыстық іс тіркелсе, биылғы жылдың басынан бері тағы төртеуі қосылған.
«2025 жылы қылмыстық жауапкершілікке жеті адам тартылса, осы жылдың басынан бері бір адам тартылды. Атап айтқанда, үш адамнан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларында, екі адамнан салық саласында, екі адамнан ауыл шаруашылығы саласында істер қаралуда. Сонымен қатар ветеринария, жер қатынастары, қаржы, мемлекеттік қызмет көрсету, білім беру, спорт, көліктік бақылау және цифрлық технологиялар салалары бойынша бір-бір адамнан жауапкершілікке тартылған», деп хабарлады өңірлік ҰҚК департаменті.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзғаны үшін шенеуніктер жазаланғаны хабарланған болатын.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысындажолдарды күтіп-ұстау сапасының төмендігі үшін 77 шенеунік жазаланды.
Батыс Қазақстан облысында биылғы жылдың үш айында өңірдегі автомобиль жолдарына 744 тексеру жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша дәл осындай мөлшерде нұсқама берілген.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдарда 145 тексеру жүргізіліп (7 хаттама толтырылған), облыстық және аудандық жолдарда — 263 (31 хаттама), елді мекен ішіндегі жолдарда — 335 (39 хаттама), шаруашылық жолдарында бір тексеру жүргізілген.
«Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны және нұсқамаларды орындамағаны үшін 77 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 49-ы — бірінші деңгейдегі басшылар. Оның ішінде жолдарды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін 72 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, олардың 44-і бірінші деңгейдегі басшылар болды. Қалған бес бірінші деңгейдегі басшы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес бес нұсқаманы орындамағаны немесе толық орындамағаны үшін айыппұл салынды», деп хабарлады ведомство.
Департамент мәліметінше, өткен жылы шамамен 2000 тексеру қорытындысы бойынша 283 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 161-і — бірінші деңгейдегі басшылар.
Осы тексерулер нәтижесінде өткен жылы жолдарда бағдаршамдар орнату, жол белгілерін қою, жол таңбаларын сызу және жарықтандыруды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілген.
Оқи отырыңыз:
- ІІМ жылдамдыққа қатысты «жаңа айыппұл» туралы ақпаратқа жауап берді
- Әзілхан Нұршайықов пен Мәншүк Мәметова: Майдан даласында тоғысқан тағдырлар
- Депутаттық әдеп мәселесі алғаш рет конституциялық деңгейде бекітіледі
Жаңалықтар
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт
- Қазақстанда жол ережесін бұзатындарға тұзақ көбейді: Дрон, камера және лазер іске қосылды