Мемлекет басшысы Сербия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Александр Вучичті еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Сербия Сіз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында зор жетістіктерге жетіп, өркендеп келеді. Халықаралық беделі де арта түсті. Алдағы уақытта еліңіз Сіздің парасатты басшылығыңызбен жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін. Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктесі. Екі елдің қарым-қатынасы өзара қолдауға, түсіністік пен мызғымас достыққа негізделген», – деді Тоқаев.
Президент барлық деңгейде белсенді саяси диалог дамып келе жатқанын еске салды. Оның айтуынша, сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық нығайып келеді.
«Көпжақты құрылымдар аясындағы байланысымыз күшейе түсті. Қазіргідей алмағайып кезеңде өзара әріптестікті жандандыру өте маңызды. Сондықтан біз осы қарқынды сақтап, түрлі саладағы ықпалдастықты дамытуға мүдделіміз. Бұған толық мүмкіндік бар. Өзара сенім мен достық рухында өткен мазмұнды келіссөздер – соның айқын дәлелі. Бүгінгі келісімдер серіктестігімізді жаңа деңгейге көтереді деп санаймын. Біз бұл бағытта бірлесіп әрекет етуге әрдайым дайынбыз», – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді.
«Бұл – қазақ жұртының Сізге және Сербия халқына деген зор ризашылығы және ерекше құрметінің белгісі. Өзіңізді шын жүректен құттықтаймын! Осы марапат екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға ықпал етеріне кәміл сенемін. Қос халықтың достығы жасай берсін!» – деді мемлекет басшысы.
27 ақпанда Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті қарсы алу салтанатты рәсімі өтті. Сербия президентін резиденцияда Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қабылдады. Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
Мемлекет басшысы Астана мен Белградтың сындарлы саяси диалогты қолдап отырғанын, парламентаралық байланыстарды нығайтып, мемлекеттік органдар мен іскерлік топтар желісі бойынша өзара іс-қимылды дәйекті түрде кеңейтіп келе жатқанын айтты.
Қазақстанда 60-тан астам сербиялық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді жұмысын атап өтті.
Ол Сербияның өкілді іскерлік делегациясының сапарға қатысуын құптады. Алдын ала Қазақстан-Сербия іскерлік кеңесінің отырысы өтті, оның нәтижелері сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде. Президент Қазақстанның бірқатар халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін серб тарабына ризашылығын білдірді.

Сербия көшбасшысы қорғаныс өнеркәсібі, жасанды интеллект, деректерді өңдеу орталықтары салаларындағы өзара іс-қимылды арттырудың елеулі әлеуетін атап өтті.
Ол сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді жоғары бағалап, оларды бүкіл әлем үшін прогрестің символы деп атады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық