Тоқаев Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті салтанатты түрде қарсы алды
Фото: Ақорда
27 ақпанда Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті қарсы алу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Orda.kz ҚР президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сербия президентін резиденцияда Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.
Одан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді.
«Біз Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз санаймыз. Бірқатар бағытта, әсіресе, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығымызды нығайту үшін көп жұмыс атқардық. Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Сауда қатынастарымыз табысты дамып келеді. Қазақстанда 60-тан аса сербиялық компания жемісті еңбек етіп жатыр. Негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ортақ. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың берік әрі тиімді іргетасы қаланды деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз достық қарым-қатынасымызға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды екеніне сенімдімін» , – деді Тоқаев.
Өз кезегінде Александр Вучич те жылы лебізін білдірді.
«Қазақстанға ресми сапармен келгеніме қуаныштымын. Қонақжайлық танытқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің пікіріңізбен толық келісемін, елдеріміз арасында шынайы стратегиялық қарым-қатынас орнаған. Сіздің қолдауыңыздың арқасында сауда-экономикалық байланыстарымыз жоғары қарқынмен дамып келеді. Алдағы уақытта жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар мен энергетика салаларында ықпалдастық орнату арқылы достығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын. Сізді жақын арада елімізде қарсы алуға дайынбыз», – деді ол.
Мемлекет басшысы сапардың Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орайлас келуі айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
«Сербия біз үшін Еуропадағы маңызды серіктес. Біз қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайтуға және сан алуан салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға шынайы ниеттіміз. Бүгін біз осы ықпалдастыққа қосымша серпін беру жолдарын жан-жақты талқыладық. Өз тарапымыздан елдеріміз арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту үшін бар күш-жігерімізді салатынымызға сендіргім келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Астана мен Белградтың сындарлы саяси диалогты қолдап отырғанын, парламентаралық байланыстарды нығайтып, мемлекеттік органдар мен іскерлік топтар желісі бойынша өзара іс-қимылды дәйекті түрде кеңейтіп келе жатқанын атап өтті.
Қазақстанда 60-тан астам сербиялық компания табысты жұмыс істеп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тиімді жұмысын атап өтті.
Ол Сербияның өкілді іскерлік делегациясының сапарға қатысуын құптады. Алдын ала Қазақстан-Сербия іскерлік кеңесінің отырысы өтті, оның нәтижелері сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді деп күтілуде. Президент Қазақстанның бірқатар халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін серб тарапына ризашылығын білдірді.
Кеше Сербия президенті Александр Вучич мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Әуежайда Сербия президентін ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Оқи отырыңыз:
- Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанға келді: Екі ел арасындағы тауар айналымы 107 млн АҚШ доллардан асты
- Сербия президенті мен оның отбасына қастандық жасауға тырысты деген күдікпен екі адам ұсталды
Жаңалықтар
- 25 жыл түрмеде отырған «балталы маньяк» бостандықта қайтадан әйелге шабуыл жасады
- Семейде көпір үстіне жатып суретке түскен әйелге айыппұл салынды
- Психиатриялық ауруханаға жіберілген экс-дін қызметкері Воронцов қайтадан тергеу изоляторына қайтарылды
- Әлиев Тоқаевқа Қарабақ үшін алғыс айтып, Құрманғазы мен Түркістанды ерекше атады
- Тоқаев Қатар әміріне әкесінің қайтыс болуына байланысты жеке көңіл айтты
- АҚШ Иранға қарсы теңіз қоршауын қайта бастайды
- «Қарасора – 2026»: Он күнде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді
- 45 градусқа дейін ыстық: Синоптиктер ауа райына қатысты ескерту жасады
- Адам жегіш Николай Жұмағалиев психиатриялық ауруханадан тараған видеода не айтты?
- ӘЧ-2026: Чемпионат финалы билетінің құны белгілі болды
- Инвестиция көлемі 9,5 триллион теңге: Тоқаев премьер-министрдің есебін тыңдады
- Қазақстанда сұраныс күрт артты: Зейнетақы аннуитеті деген не?
- Он жылдық қорлық: Астанада туған жиенін зорлады деп айыпталған ер адам жауапқа тартылмай қалды
- Елімізде білім грантына өтініш қабылдау басталды
- Qatar Airways инсульт алған қазақстандық әйелді ауруханасы жоқ аралда қалдырды
- Рекордтық деңгей: Еліміздің банктері коллекторларға 1,1 трлн теңге қарыз тапсырды
- «BaiQymyz-2026»: Қымыздың көкесін кімнен аламыз?
- ӘЧ-2026: Тарихта алғаш рет әлемнің ТОП-4 құрамасы жартылай финалда
- Еуропадағы аптап ыстық 10 мыңнан астам адамның өмірін жалмады
- Air Astana Дубайға ұшатын барлық рейсін тоқтатты