Мектептерде мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі
Фото: Әлеуметтік желіден
Енді бұрынғыдай мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта оралады. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап, Педагог-KZ хабарлады, деп мәлімдейді Orda.kz.
Осыдан 10 шақты жыл бұрын мектептегі оқыту әдістемесінен шығарма мен мазмұндама жазу алынып тасталды. Соның салдары қазірдің өзінде байқала бастады. Бүгінгі балалар сауатты сөйлем құрап жазбақ түгілі, екі сөздің басын қосып, еркін сөйлей алмайды. Осылай деген ғалымдар оқушылардың болашағына алаңдап, шығарма мен мазмұндама сияқты ойлау-жазу қабылетін дамытатын әдістемені қайта еннізуді ұсынған болатын.
Атырау облысына барған жұмыс сапары аясында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова педагогтермен кездесу өткізіп, олардың сауалдарына жауап берді.
Кездесу барысында министр білім беру саласындағы алдағы өзгерістер туралы ақпарат берді.
Министрдің айтуынша, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндердің оқу сағаттары мен мазмұны қайта қаралып, бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізіледі.
Сондай-ақ білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында 5–7 сыныптарға «Конституция негіздері», 8–9 сыныптарға «Заң және тәртіп» пәндерін енгізу, ал 10–11 сыныптарда «Құқық негіздерін» міндетті түрде оқыту жоспарланып отыр.
«Оқушылардың білім деңгейін жан-жақты бағалау және функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында мазмұндама, шығарма және диктант жазу қайта енгізіледі. Бұл өзгерістер оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға және ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған» деп жазылған ақпаратта.
Еске салсақ, 3 сәуірде президентпен кездескен министр Жаңа Конституция құндылықтарын ілгерілету мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан болатын. Ол сондай-ақ, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық білім беру стандарттары әзірленіп, мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілгенін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық