Сүлейменова нүктесін қойды: Мұғалімдерді қудалауға дейін жеткізген «Мақсатты мектеп» жобасы тоқтады
Фото: Depositphotos
Білім саласында көп талқыланып, ұстаздардың сынына ұшыраған «Мақсатты мектеп» жобасы ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өз қатысуымен өткен кеңейтілген жиында мәлімдеді. Жиында білім сапасы мен мектеп жүйесіндегі өзекті мәселелер сөз болды.
Министрдің айтуынша, «Мақсатты мектеп» жобасы мұғалімдерге артық салмақ түсірген, әрі заңды негізі мен ресми құжаттары болмаған. Сондықтан ол жобаны тоқтату туралы шешім қабылданды.
Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс депутаты болған кезде де бұл жобаға қарсы болған. Ол кезде ол:
«Мұғалімдерді қолдаудың орнына, оларды қосымша сабаққа тартып, ауыр жүктемеге салған, нақты мақсаты мен ережесі анықталмаған «Мақсатты мектептер» жобасы тоқтатылуы керек. Ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет, бірақ ол заңға сай, жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс», – деген еді Сүлейменова депутат кезінде.
Еске сала кетейік, өткен жылы Алматы қаласының Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектебінің білікті ұстазы Мейрамгүл Барқазатқызы БАҚ және әлеуметтік желіде осы жобаны сынға алғаны үшін 25 жыл істеген жұмысынан қуылған еді. Кейін мәжіліс депутаттары алматылық мұғалімнің кенеттен жұмыстан шығарылғанына қатысты пікір білдірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық