Мейіржан Төребаев жазасын өтеуді Алматыда жалғастырады
Коллаж: Orda.kz
Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жазасын өтеу үшін Павлодардан Алматыға ауыстырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың Алматыға ауыстырылғанын растады. Сонымен қатар, олардың Алматыға ауыстырылуының себебі мерзімінен бұрын босату туралы өтініш болуы мүмкін деген болжам расталмады. Төребаевтың қорғаушысы Жанна Оразбақова Orda.kz тілшісіне «Мейіржан шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш берген жоқ», – деп жауап берді.
Қорғаушы Жанна Оразбахованың айтуынша, Төребаев жазасын отбасына барынша жақын жерде өтеу құқығын пайдаланды.
«Заң бойынша туыстық байланыстарды сақтау үшін осындай мүмкіндік қарастырылған. Егер туыстары Алматыда тұрса, олардың өтініші бойынша адамды Алматыдағы мекемеге ауыстыруға болады. Төребаев тергеу мерзімін ескере отырып, 5 жылдық жаза мерзімінің 3 жылдан астамын өтеді», – деді Жанна Оразбақова.
Еске сала кетейік, вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 2023 жылдың маусым айында 5 жылға сотталған болатын. Олар Mudarabah Capital және Astex.kz қаржы пирамидаларын құру ісі бойынша айыпталды. Олармен бірге тағы 9 адам алты жылдан 14 жылға дейінгі мерзімге сотталды.
Ол туралы материалдарды мына жерден оқи аласыздар. Олар үш жыл бұрынға сот алдында өздерінің кәнісін мойындамаған болатын.
2022 жылғы сәуірде қаржы пирамидасынан зардап шеккендердің бірі Бағила Досмаилова елордадағы Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жіберді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық