Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов 5 жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет ашық дереккөзден
Алматының Алмалы аудандық соты Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру және басқару ісі бойынша үкімді жариялады.
Вайнерлер Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Соңғысы үйқамақта болатын, оны дереу қамауға алу туралы шешім қабылданды.
«Мейіржан Төребаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабының 2-бөлігі - «Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сол сияқты оларға қатысу» бойынша кінәлі емес деп танылды. Мейіржан Төребаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында – «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Осы бап бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген сот үкімінде.
Дәл осындай жазаны Мейірхан Шерниязов алды.
Іс бойынша басқа айыпталушылар келесі жазаларды алды:
«Astex.kz» ЖШС басшысы Алмас Құрманғалиев – 14 жылға бас бостандығынан айырылды;
қаржы пирамидасын жасаушылардың бірі Дания Рахимова - 10 жылға бас бостандығынан айыру (ол үйден қамауға алынады);
«Mudarabah capital» директоры Руслан Бұрқанов – 12 жылға бас бостандығынан айырылды;
«Mudarabah Capital» ЖШС құрылтайшысы Андрей Ча – 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
«Mudarabah Capital» ЖШС бұрынғы қаржы директоры Рүстемовке – 12 жылға бас бостандығынан айыру;
«Mudarabah Capital» ЖШС құрылтайшысы Самат Қасенов – 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
адвокат Нұрлан Сұлтанбаев – 8 жылға бас бостандығынан айырылды;
«Mudarabah Capital» ЖШС құрылтайшысы Біржан Жармұхамед – 6 жылға бас бостандығынан айырылды (ол үйден қамауға алынады);
қаржы пирамидасын құрушы Ержан Мансұров – 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ сот жәбірленушілердің 1,9 миллиард теңгеден астам азаматтық талаптарын қанағаттандырды.
2022 жылдың сәуірінде Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital пирамидалық схемасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынды.
Іс бойынша айыпталушылар Mudarabah Capital жарнамасын жүргізген. Ұйым қаржылық пирамида деп танылып, жетекшісі ұсталды.
2022 жылдың сәуірінде Mudarabah Capital салымшыларының бірі елордадағы Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген болатын. Оның отбасы пирамидалық схемаға инвестиция салу арқылы 20 миллион теңгеге жуық шығынға ұшыраған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық