Мәжіліс депутаты радикал діни ағымдарға заңмен тыйым салу мәселесін қайта көтерді
Фото: Бейнеден кадр
Сауалда соңғы уақытта қоғамда резонанс тудырған бірнеше жағдай мысалға келтірілген. Атап айтқанда, Наурыз мерекесіне қарсы шыққан әрекеттер мен әйелге қатысты даулы пікірімен қоғам сынына ұшыраған имам оқиғасы сөз болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сондай-ақ Ақтөбедегі сот процесіне әйелдердің ниқабпен келуі де алаңдаушылық тудырғаны айтылды.
Депутат Иса Қазбектің пікірінше, ұлттық дәстүрге, мәдениетке және қоғамның тұтастығына қарсы әрекеттерді жай ғана пікір алуандығы ретінде қарастыруға болмайды. Ол мұндай көріністерді ұлтқа және мемлекетке қарсы ашық шабуыл деп бағалады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде ұлттық мүддеге қарсы, дәстүрлі құндылықтарды жоққа шығаратын, қоғамның бірлігіне сызат түсіретін үгіт-насихаттың күшейгеніне назар аударды.
«Ұлтты ұйыстыратын, жұртты көркем мінезді имандылыққа шақыратын уағыздың орнына у ағызып, ұлтқа қарсы шығып отырғандарды қалай ұстаз деуге болады? Уағызды кім көрінген айту қашан тоқтайды? Оларға Қазақстан діни мұсылмандары басқармасы қандай шешім, қандай пәтуа шығарып отыр?» деді Иса Қазыбек.
Депутаттық сауалда радикалды діни ағымдарға заңмен тыйым салу ұлттық қауіпсіздік мәселесі екені баса айтылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық