Миллиард болатын дау: Мәсімовтің қызы бұрынғы күйеуіне зәулім сарайды беруге мәжбүр болды
Мәскеуде ҚР ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің отбасына қатысты сот ісі аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz. Оның қызы Тамила Кәрім бұрынғы күйеуі Азамат Қапеновтен құны шамамен бір миллиард рубль тұратын Серебряный Бордағы элиталық үй мен жер телімін дауға салған еді. Редакция қолына Мәскеудің Мещан аудандық сотының шешімі тиді.
Құжатта Қапенов пен Тамиланың 2013 жылы үйленгені, екеуінің де Ресей азаматтары болғаны көрсетілген. Некеде тұрған жылдары олар Мәскеуде қымбат жылжымайтын мүлік иеленген. Ал Қапенов Мәсімовтің қызына үйленгенге дейін табысты кәсіпкер болмаған. Тіпті 2009 жылы Алматыда продюсер Елтінжал Тұрғанәлиевті соққыға жыққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Алайда, атақты отбасына «күйеу бала» атанған соң, бұл оқиға ұмыт болып, оның мәнсабы өсіп, тасы өрге домалаған.

Бірақ некелері ұзаққа бармады. 2019 жылы Тамила Кәрім күйеуінен ажырасты. Бір жылдан кейін ол жазбаша түрде ортақ мүліктен үлес талап етпейтінін мәлімдеді. Дубайдағы Ресей елшілігінде куәландырылған сол құжат Мәскеу сотында негізгі дәлел болды.
Жылжымайтын мүлікті бөлу туралы келісім нотариуста рәсімделмегенімен, консулдық қызметкерлерінің көзінше қол қойылғандықтан, сот оны заңды деп таныды. Осыған байланысты Тамиланың Қапенов жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану және элиталық үй мен жерден үлес алу жөніндегі талаптары қанағаттандырылмады.
«Т. Кәрім келісімге қол қою кезінде елшілікте жеке өзі болды және қол қоюдың түпнұсқалығын куәландырды. Кейін бұл құжатқа немесе жылжымайтын мүліктің тағдырына қатысты шағым білдірмеді, керісінше дәлелдер сотқа ұсынылған жоқ. Сондықтан 2020 жылғы 19 шілдеде жасалған келісімді жарамсыз деп тануға құқықтық негіз жоқ», — делінген Мәскеу сотының шешімінде.
Қапенов бұл жылжымайтын мүлікті сатып үлгерген. Ол ғимарат пен аумағы 2900 шаршы метр жер телімін Ч. Б. Шейшекеева деген адамға өткізген.
Анықтама: Хорошевский Серебряный Бор — Мәскеудегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ. XVII ғасырдан белгілі орманды саябақ, Хорошёво-Мнёвники ауданында орналасқан.
Бұл мүлік жайлы біз бұған дейін, маусым айында жазғанбыз. 2020 жылы Сосновый Бордағы екі қабатты коттедж бір миллиард рубльге бағаланып, сатылымға қойылған. Жарнамада үйде бірнеше жатын бөлме, төрт автокөлікке арналған тұрақ, сауна, кір жуу бөлмесі бар екені көрсетілген.

Мещан аудандық соты Азамат Қапеновтің бұл мүлікті сатуын заңды әрі бұрынғы жұбайының мүддесіне қайшы емес деп тапты.
Ал 22 тамызда апелляциялық алқа бірінші инстанцияның шешімін күшінде қалдырды. Сөйтіп екі жылдан астам уақытқа созылған сот процесі Мәсімовтің қызының жеңілісімен аяқталды.
Сонымен қатар Ресейдегі мүлік дауларына қоса, басқа елдерде де сот процестері жүріп жатыр. Бұрынғы ерлі-зайыптылар БАӘ-де балалардың қамқорлығына байланысты соттасқан.
Сот материалдарында балалардың айдың жартысын әкесімен, жартысын анасымен өткізетіні көрсетілген.
Ал Азамат Қапеновтің өзі қазақстандық және ресейлік құқық қорғау органдарының назарына әлдеқашан іліккен. Бір жыл бұрын, 2024 жылғы тамызда оған «алаяқтық» және «бөтеннің мүлкін иемдену» айыптары бойынша халықаралық іздеу салынды. БАҚ деректеріне сенсек, оның атына Подмосковьедегі коттедж ғана емес, Рублёвкадағы зәулім сарай мен Мәскеу орталығындағы Варсонофьевский тар көшесіндегі пәтер де тіркелген. Қазір ол пәтер ресми түрде Қапеновтің анасы Айгүл Мұсаеваның атына жазылған.

Азамат Қапеновтің БАӘ-де ұсталғаны жайлы соңғы хабарлар бұл іске жаңа бір драма қосты. Егер бұл дерек расталса, ол Мәсімовтің айналасындағы қашқындарды құрықтау оқиғасының ең атышулы эпизодтарының бірі болғалы тұр.
Еске сала кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Азамат Қапеновтің ұсталғандығы туралы ақпаратқа қатысты мәлімет беруден бас тартты.
Автор: Динара Бекболаева
Жаңалықтар
- «Босану туризмі»: АҚШ-қа барып босанып, азаматтық алатындардың жолы кесіледі
- Алматы көшесінде гранат ұстап жүрген ер адам ұсталды
- Адвокат әділетсіз сот шешімдері бойынша істерді Тоқаевқа жолдамақшы
- Жоба іске қосылды: Қытайлық компаниялар Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытын салады
- Қазақстан–Ресей шекарасындағы жағдайға ҰҚК Шекара қызметі түсініктеме берді
- Еліміздегі «Aманат» пен «Әділет» партиялары бірікті
- «Байсат» базары Алматы әкімдігінің меншігіне берілуі мүмкін
- Америкалық блогер YouTube-те әлемде алғаш болып 500 миллион жазылушы жинады
- Иран СІМ Исламабадтағы келісімнің ядролық бағдарламаға емес, атысты тоқтатуға бағытталғанын айтты
- Тоқаев АШҚ президентін туған күнімен құттықтады
- «Қайрат» күтпеген жерден ұпай жоғалтып, «Атырауды» жеңе алмады
- Алматы полициясы 12 жастағы баланың өліміне қатысты тергеу барысы туралы мәлімет берді
- «Нұрлы жол» вокзалында мұражай ашылды
- «Жалақы уақытылы төленуде»: «ЖЖФЗ» ЖШС фосфор зауытының бас директоры кәсіпорындағы жағдай туралы ашып айтты
- «Күзде жинайтын түк қалмайды»: Қарағандылық фермерлер киіктердің егінді жайпап жатқанына ашулы
- АҚШ пен Иран арасындағы ықтимал келісім мұнай бағасына әсер ете ме?
- Әлеуметтік желіде балағат сөз қолданғандарға айыппұл салатын түзетулер ұсынылды
- Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 18 шілдеге дейін ұзартылды
- «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев қызметінен кетті
- Алматы – Қорғас тас жолындағы бұзылған бетон көліктерге жаппай зақым келтіріп жатыр