Мас болып екі көлікпен соқтығысқан Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамалды
Фото: Әлеуметтік желіден
Астанада полицейлер екі жол-көлік оқиғасына қатысқан Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Полиция рөлде бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов болғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалада бірнеше автокөлік зақымданған екі жол апаты болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі басқа көліктермен соқтығысып, кейін оқиға орнынан кетіп қалған
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі).
Сотта анықталғандай, азамат Е. алкогольдік масаң кезінде автокөлік басқарып, Астана қаласы көшесіндегі қозғалыс кезінде 3 жол-көлік оқиғасын (ЖКО) жасаған.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғанжүргізуші жерасты автотұрағы қақпасының тірегіне соғылған, басқа автокөлікпен соқтығысып, инерциямен тағы бір автокөлікті қағып кеткен, кейін Kia Sportage автокөлігімен соқтығысып, соққы салдарынан ол Toyota Hilux автокөлігін қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғалары салдарынан көлік құралдарына механикалық зақым келіп, материалдық шығын келтірілген.
Құқық бұзушының кінәсі іс материалдарымен дәлелденген, оның ішінде медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес Е.-нің жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң болғаны анықталған.
Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар, жол-көлік оқиғаларының сызбалары, бейнежазбалар, қатысушылардың түсініктемелері және сотта зерттелген өзге де дәлелдермен расталған.
Е.-нің әрекеті ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі бойынша сараланған.
Аталған баптың санкциясы 20 тәулікке әкімшілік қамауды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді.
Сот отырысында Е. өз кінәсін толық мойындады. ӘҚБтК-нің 50-бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік қамауды қолдануға кедергі келтіретін мән-жайлар сотта анықталған жоқ.
ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі санкциясының баламасыз болуына байланысты сот Е.-ге 20 тәулікке әкімшілік қамау және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке қатысты әкімшілік іс сотқа түскенін жазған болатынбыз. Сот базасының мәліметі бойынша, Астанада болған екі ЖКО-дан кейін және апат болған жерден кетіп қалған спортшыға бірден үш әкімшілік хаттама толтырылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық