Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
Фото: Бейнежазбадан кадр
Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған қызды бірнеше жасөспірім жабылып ұрған. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кадрларда қыздың тізерлеуге мәжбүр болғаны, кейін оған бірнеше жасөспірімнің жабылып, соққыға жыққаны көрінеді. Полиция оқиғаға қатысушылардың барлығын анықтап, оларды ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізді.
«Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерттеліп, қажетті материалдар мен түсініктемелер жиналды», деп хабарлады полиция.
Тексеру қорытындысы бойынша жасөспірімдердің ата-аналары балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды.
Сонымен қатар материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді. Жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды. Олармен және олардың отбасыларымен профилактикалық жұмыс жалғастырылады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық