МӘМС-пен тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған хирургтің ісі сотқа жолданды
Фото: Envato
Атырауда хирург дәрігер пациенттерден МӘМС аясында тегін жасалуы тиіс операциялар үшін ақша алып отырған деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, ол үш жыл ішінде 42 науқастан 8 млн теңгеден астам қаражат алған, деп хабарлайды Orda.kz.
Тергеу мәліметінше, дәрігер 2023–2025 жылдары «Family Health Clinic» ЖШС мен «Ким В.» жеке клиникасында жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында ол пациенттерге варикозға жасалатын операциялардың Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін жүргізілетінін айтпай, қызмет ақысын өзінің банк шотына аудартқан.
Сонымен қатар, DamuMed жүйесіне бұл операциялар тегін медициналық көмек ретінде көрсетілгені туралы мәлімет енгізілген. Соның негізінде медициналық ұйымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан тиісті қаржыны алған. Осылайша бір медициналық қызметтің ақысы екі рет төленген: бір рет – МӘМС қоры есебінен, екінші рет – пациенттердің жеке қаражатынан.
Тергеу дерегінше, дәрігер 42 пациенттен заңсыз түрде 8 миллион теңгеден астам ақша алған. Ал осы қызметтер үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға 14,8 миллион теңгеден астам қаржы аударған.
Бұдан бөлек, күдіктінің қызметтік міндетін орындағаны үшін пациенттерден заңсыз ақшалай сыйақы алғаны да анықталған. Қазіргі уақытта күдіктіге елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған әрі іс сотқа жолданды.
Оқи отырыңыз:
25 жыл түрмеде отырған «балталы маньяк» бостандықта қайтадан әйелге шабуыл жасады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық