25 жыл түрмеде отырған «балталы маньяк» бостандықта қайтадан әйелге шабуыл жасады
Фото: Elements.envato.com
Петропавлда 62 жастағы ер адам әйелге шабуыл жасады деген күдікпен ұсталды. Бұған дейін ол адам өлтіру мен зорлау қылмыстары үшін 25 жылға сотталған, деп хабарлайды Orda.kz.
КТК телеарнасынының мәліметінше, оқиға 54 жастағы қала тұрғыны саяжайдан үйіне қайтып келе жатқан кезде болған. Әйелдің айтуынша, белгісіз ер адам оған шабуыл жасап, қылқындыруға әрекеттенген. Алайда жәбірленуші көмекке шақырып айқайлаған соң күдікті оны жіберіп, әйел қашып құтылған.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Азат Құсайыновтың айтуынша, күдікті жедел іздестіру шаралары барысында қолға түскен.
«Жедел іздестіру нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол – облыс орталығының 62 жастағы тұрғыны. Тергеу сотының санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деді Азат Құсайынов.
Артынша ұсталған кезінде «балталы маньяк» атанған Валерий Кричиневский болып шыққан. Ол 1990-жылдары бірнеше адамды өлтіргені және зорлағаны үшін сотталған. Тергеу деректеріне сәйкес, ұсталғанға дейінгі соңғы құрбаны жеті жасар қыз болған.
2024 жылы Кричиневский жазасын толық өтеп, бостандыққа шыққан. Босап шыққаннан кейін ол әлеуметтік бейімдеу орталығында тұрған және электронды бақылау білезігін тағып жүрген екен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық