Мәуленов пен ұлына қатысты қылмыстық іс сотта қарала бастады
Бүгін Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айдарбек Замбаевтың төрағалық етумен «ТаразЭнергоОрталық» АҚ басқарма төрағасы Бақберген Мәуленов пен ұлы, «Expo Energy KZ» ЖШС компаниясының жетекшісі Рахат Бүлдешке қатысты қылмыстық іс соттта қарала бастады.
Әке мен бала 2 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінген. Ақша жалған келісімшарттар бойынша компаниялардың есепшоттарына түсіп отырған. Тағы бір эпизодты криптовалютамен айналысатын компанияға электр энергиясын заңсыз сатумен байланыстырады.
Мемлекеттік айыптау оқылмай тұрып Бақберген Мәуленов, Рахат Бүлдеш және Әнуар Жуанышбаев соттан күзетте ұстауды үй қамаққа ауыстыруды сұрады.
Бақберген Мәуленов іздеуде жүрген Рахат Бүлдештің хатын сотқа ұсынды. Онда ол әкесі мен інісінің «ТаразЭнергоОрталық» АҚ жасалынған келісімшарттарға қатыстары жоқтығын айтқан. Сонымен қатар жазған хатында ол өзін қорғап алу үшін, күзетте ұстау шарасын үйде ұстауға ауыстырса - жауап беруге келетіндігін мәлімдеген.
Ал, шетелде білім алып келген Әнуар Жуанышбаев «Си-13-тегі» адам төзгісіз жағдайлар туралы айтты. Тексерушілер мен қонақтарға ол жерлерді көрсетпейтінін де қосты.
Біздің жергілікті тілшілеріміз ары қарай да сот отырысынан объективті ақпараттар тарата беретін болады.
Исламбек Дастан, Жамбыл облысы
Жаңалықтар
- Мемлекеттік грант иегерлері анықталды: 2026–2027 оқу жылының басты қорытындылары
- «МузАРТ» тобындағы Кенжебек Жанәбілов ауруханаға түсті
- Мұратжан Мұсайбеков АМӨЗ-дің бас директоры болып тағайындалды
- Қазақстан футбол құрамасының жаңа бапкері кім?
- Астанада сынақтан өткен әуетаксидің алғашқы жолаушысы — министр
- 30 миллион теңгеге денесіне жарнама салуды ұсынған Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды
- Бекболат Тілеухан: Қайрат Сатыбалды президентке айтып, мені депутаттыққа өткізді
- Жағымпаздар «Отан» атауына «Нұр» сөзін қосып, Назарбаевты орға жықты – Бекболат Тілеухан
- Трамптың «Бейбітшілік кеңесі» Газаға арналған алғашқы келісімді әскери нысан салудан бастайды
- Иран АҚШ пен Израиль кемелерінің Ормуз бұғазы арқылы өтуіне тыйым салмақшы
- Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды: Істің жай-жапсары
- Трамп АҚШ-тың келесі президенті ретінде кімді лайық көретінін айтты
- Илон Масктың зымыраны Айға құлап, 30 метрлік кратер пайда болды
- Велокурьер қағып, қашып кеткен: 12 жастағы қыздың жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған
- Автотұрақ ережелері өзгерді: Алматыда тұратын көлік иесі нені білуі қажет?
- Чемпиондар лигасы: «Түркістан Арена» тарихи матчқа дайын ба?
- Нұрайға қатысты «72 рет пышақ сұғар едім» деген пікір жазған адам анықталып, хаттама толтырылды
- «Байден ұқсап құлап қалмасын»: Невададағы Трамптың әзілі мемге айналды
- 100 миллион теңгеден астам ақша иемденген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні iTunes хит-парадтарында бірінші орында тұр