Лукашенко Трамптың арнайы өкілі келгеннен кейін 14 саяси тұтқынды босатты
Фото: Беларусь Республикасы Президентінің баспасөз қызметі
Беларусьте 14 саяси тұтқын бостандыққа шықты, олардың арасында белгілі оппозиционер әрі саяси блогер Сергей Тихановский бар. Ол – Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановскаяның жары. Олардың кездесуі Вильнюсте өтіп те үлгерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Босату АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Кит Келлог Минскіге сапармен келгеннен кейін жүзеге асты. Ол Тәуелсіздік сарайында Александр Лукашенкомен келіссөздер жүргізген. Арнайы өкілдің орынбасары Джон Коулдың айтуынша, «қазіргі уақытта барлық 14 адам бостандықта».
Сондай-ақ босатылғандар қатарында үш Польша азаматы бар. Польша Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты растады және Трамп әкімшілігіне мен президент Анджей Дудаға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Олардың есімдері ресми түрде жарияланған жоқ.
Литваның Сыртқы істер министрі Кястутис Будристің хабарлауынша, босатылғандар қазір Литва аумағында, оларға қажетті көмек көрсетілуде.
2020 жылы қамауға алынғанға дейін Сергей Тихановский YouTube арнасын жүргізіп, президенттік сайлауға қатысуға ниет білдірген болатын. Алайда ол сайлау қарсаңында ұсталды. Оның орнына сайлауға жұбайы Светлана Тихановская түсті және бұл оны Беларусьтегі наразылық қозғалысының символына айналдырды.
2021 жылы Гомель соты Тихановскийді «жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғаны үшін» сот арқылы 18 жыл қатаң режимдегі колонияға қамады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық