Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
Коллаж:Orda.kz.
Түркістан облысының Леңгір қаласында бірнеше адам түнде тұрғын үйге кіріп, әйелді байлап, бірнеше сағат бойы көкала қойдай қылып ұрып-соққан, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға түнгі сағат 02:00 шамасында болған. Оның сөзінше, бетперде таққан бірнеше адам үйге кіріп, әйелді байлап тастаған. Зардап шеккен тұрғын таңғы сағат 05:00-ге дейін олардың қолында болған. Осы уақыт аралығында олар әйелді ұрып-соғып артынша оқиға орнынан кетіп қалған.
Әлеуметтік желіде тараған видеода әйелдің беті ісіп, денесінде жарақат іздері мен қан көрінеді. Алайда кадрларда шабуылдың өзі емес, оның салдары көрсетілген.
Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, түнгі уақытта белгісіз адамдар тұрғын үйге кіріп, жәбірленушіге дене жарақатын салған және оның ұялы телефонын алып кеткен. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы тұрақты, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», деп хабарлады полиция департаменті баспасөз қызметі.
Полиция күдіктілерді тез арада анықтап, ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Істің тергелуі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Оқи отырыңыз:
Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
«Қалың мал бергенбіз»: Меркідегі 19 жастағы Мадинаның дүниесін қайын жұрты неге бермеді?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық