«Қызымның сүйегін өзім жинадым»: Томиристің әкесі сотта жауап берді
Коллаж Orda.kz
Әл-Фараби даңғылындағы ірі жол апатына қатысты соттың кезекті отырысында тың мәліметтер пайда болды. Осыған дейін үш марқұмның туыстарының барлығы Александр Пакты кешірген еді. Алайда бүгінгі сот процесінде марқұм Томирис Қыдырбектің әкесі Пакты кешірмейтінін айтып өзін осы істе жәбірленуші ретінде тануды айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот процесінде Томирис Қыдырбектің әкесін (сот әкесінің аты-жөнін жазуға тыйым салды) үш қорғаушы қорғауда. Сотта олар Қыдырбектің әкесі заңға сәйкес әкелік құқығынан айырылмағандықтан толыққанды жәбірленуші бола алатынын айтты. Судья алдымен марқұмның әкесінен куәгер ретінде жауап алынатынын айтты.
Томиристің әкесі айыпталушыны ешқашан кешірмейтінін және өтемақыдан бас тартқанын мәлімдеді. Ол БАҚ-тағы жәбірленушілер түгел кешірім берді деген ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ Таразда Александр Пактың әкесімен кездесіп, оған тек ұлын дұрыс тәрбиелемегенін ескерткенін жеткізді.
Бұрын арнайы жасақта қызмет еткен азамат мәйітханада қызының қатты зақымданған бас сүйегін өзі жинағанын еске алды. Ол жаназа қамымен жүргенде, бұрынғы әйелінің полицияға барып үлгергенін және Пактың жақындарынан қаражат алғанын айтты.
«Мен Пакты кешірмеймін Томирис менің тұңғышым еді,анасымен ажырасып кетсек те балаларымен араласып тұрдым. Томиристің жеке мектепте оқыттым, қаражатын өзім төлеп тұрдым. Қайтыс боларының алдында бір күн бұрын телефон арқылы сөйлестік. Үйге келіп наурыз көже ішетінін айтқан еді. Сол түні қызым апатқа ұшырағанда полиция маған бірінші хабарласты. Мен жаназамен айналысып жүргенде бұрынғы әйелім Пакты кешіріп тастаған екен. Мен оны ешқашан кешірмеймін. Қызымның сүйегін мәйітханадан көргенде басының бәрі мыжылып кеткен, денесінде жарақат көп болды. Осының бәрін өз көзіммен көріп отырып, мен оны қалай кешіремін», — деді әкесі.
Қазір сотта кезекті күәгерден жауап алынып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық