Әл-Фарабидегі жол апаты: Сотта жаңа жәбірленуші пайда болды
Коллаж Orda.kz
Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін жалмаған жол көлік апатында қаза тапқан Mercedes жүргізушісінің ағасы Қанат Тілемесов жәбірленуші ретінде жауап берді. Ол Александр Пакқа қатысты ешқандай талабы жоқ екенін айтып, сотқа толық кешірім беру туралы өтініш тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі отырыстың басында осы іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған марқұм Еламан Тілемесовтің ағасы Қанат Тілемесов жауап берді. Ол Пакқа қатысты ешқандай талап-арызы жоқ екенін айтып, оны кешіргенін жеткізді. Сонымен бірге, соттан заң аясында әділ шешім шығаруды сұрады.
«Біз кешірім бердік, енді заң аясында жазасы тағайындалсын, оған менің ешқандай талап-арызым жоқ», – деді Қанат Тілемесов.
Бұл жолы сотта Александр Пакпен бірге апат алдында мейрамханада болған полиция қызметкері Әсет Жақсылықовтан жауап алу жоспарланған. Алайда, сотталушы Пак сот залына келмей, процеске онлайн қосылды. Сондай-ақ бүгін осы іс бойынша куәлік беруі тиіс болған полиция қызметкері Әсет Жақсылықовтан жауап алынуы керек еді. Алайда онлайн қосылған Жақсылықов адвокатының қазіргі уақытта процеске қатыса алмайтынын айтып, жауап алуды кейінге қалдыруды сұрады.
Бір қызығы, бұған дейін Александр Пак сот залына уақытша ұстау изоляторынан жеткізіліп келген болса, бұл жолы ол сотқа келмей, онлайн форматта қатысты.
Еске салсақ, алдыңғы сот отырысында марқұм Еламан Тілемесовтің мүддесін қорғаушы Сергей Черновтың орнына адвокат Гүлмира Бабажанова қатысқан болатын. Сол кезде жаңа қорғаушы іске қатысты материалдармен танысу үшін уақыт сұрап, сот процесі кейінге шегерілген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық