«Жаңа өмір бастадым»: Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі неге жәбірленуші мәртебесінен бас тартқанын айтты
Фото: Жоғарғы сот
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс бойынша сот процесінің негізгі отырысында марқұмның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты соттың негізі отырысында тараптардың жауап беру кезеңі анықталды. Артынша Әділет Зейнел жауап берді.
Әділет Зейнелдің айтуынша, 2025 жылдың 8 қарашасында екеуі әдеттегідей жұмысқа бірге шыққан. Алайда арада біраз уақыт өткен соң оған әйелінің қабылдау бөлімінде жатқаны жайлы телефонына хабарлаған. Алайда алғашында бұл ақпаратқа сенбеген ол оны әзіл деп қабылдаған. Кейін төмен түсіп өзі жұмыс істеп жүрген ауруханаға марқұм жұбайын алып келгенде, оны әйелі екенін тануға шақырған да ғана жұбайының қандай хәлде жатқанын көрген екен. Ол кезде Ұлдана қарқынды терапия палатасында жатқан.
Сонымен қатар, Зейнел 19 қарашада Ұлдананың әпкесімен бірге әкімдікке барғанын айтты. Оның сөзінше, сол жерде мәслихат депутаты оларға қолма-қол 20 млн теңге берген. Бұл ретте ешқандай құжатқа қол қойылмаған. Прокурор мен қорғау тарабы нақты депутаттың кім екенін, аты-жөнін сұрағанда Зейнел есінде жоқ екенін айтты.
«Кездесуге келгенімізде Астана әкімі, оның орынбасары және мәслихат депутаты болды. Мәслихат депутатының аты-жөнін қазір есіме түсіре алмаймын. Ол ақшаны өз қолымен бізге берді. 20 миллион теңгені қолма-қол тапсырды. Ешқандай қолхат болған жоқ, біз ештеңеге қол қойған жоқпыз. Ол жерде журналистер де болған жоқ. Мен ол жерге Ұлдананың туған әпкесі Ақнұрмен бірге бардым. Екеуіміз де кездесуге бірге қатыстық», – деді Әділет Зейнел.
Судья неліктен аяқ астынан жәбірленуші болудан бас тартқанын сұрады.
«Мен жаңа өмір бастадым, екінші рет үйлендім. Сондықтан жәбірленуші болудан бас тартуды шештім. Оның үстінен Ұлдананың анасы БАҚ өкілдеріне менің жәбірленуші статусынан бас тартуым керек екенін айтты. Сондықтан барлығын анасына бергім келеді, ары қарай осы іспен анасы айналыссын дедім», – дейді марқұмның жұбайы.
Айта кетейік, бүгінгі жауап алу кезеңіне дейінгі сот отырысында қорғау тарабы судьяға қарсылық білдірген еді. Алайда судьяға қарсылық білдіру қанағаттандырылмады, істі Меруерт Абаева қарай береді деп шешілді.
Оқи отырыңыз:
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: Қорғау тарабы судьяға қарсылық білдірді
Арыстағы әскери бөлім аумағында оқ-дәрі жарылды: Құрғақ шөп тұтанған
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық