Алматыдағы оқу орнында кибербуллинг: Колледж басшылығы неге үнсіз?

Orda.kz редакциясына балалары анонимді Instagram-дағы пабликте буллингке ұшыраған бірнеше ата-ана хабарласты. 700-ден астам мүшесі бар бұл қауымдастық «Тұран» колледжінде оқитын студенттердің парақшасы. Пабликке кез келген адам қосыла алмайды – әкімшілері өздерінің деректері арқылы студенттің колледжде оқитынын тексеріп барып қабылдайды екен. Orda.kz бұл кибер буллиннгке негізделген парақшаның артында кімдер тұрғанын зерттеп көрді.
«Тұран» колледжі сайтындағы мәліметке сүйенсек, 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Заманауи жабдықтар, белсенді студенттік өмір, тәжірибелі оқытушылар және мықты білім беру бағдарламалары – осының бәрі оқу орнының ерекшеліктері.
Профильдің парақшасында арнайы сілтеме бар, ол анонимді хабарлама жіберуге мүмкіндік беретін қосымшаға бағыттайды. Ал Instagram аккаунты өз кезегінде аты-жөнін көрсеткісі келмеген адамдардың жазбаларын жариялайды. Барлық кемсіту мен былапыт сөздер анонимді түрде жарияланады.

Пабликте қорлаушының аты-жөні жасырылғанмен қорланған студенттің аты-жөні тіпті тобына дейін көрсетіліп, түрлі қорлайтын сипаттамалармен аталады. Мысалы, Айнұрға (қауіпсіздік мақсатында қыздың есімі өзгертілді) он шақты жазба жазылған. Оны мүмкін деген барлық «күнәлі» істерге айыптап, былапт сөздер мен кемсітулерді жазды.
Пабликке жазылудың қажеті жоқ. Белгілі бір студент туралы анонимді жазба шыққан күні-ақ барлық студенттер оның кім екенін біліп алады. Айнұр 2024 жылдың қыркүйек айында осы парақшаның бар екенін біліп, қызығушылықпен «мен туралы не деп жазылды екен?» деп парақшаға кірген.
Парақшада қыздың сыртқы келбетіне, тым әдемі Instagram парақшасына ,тіпті оны жеңіл-жүрісті қыз деп те жазылған. Бұның барлығын бір адам жазды ма, әлде бірнешеуінің үлесі бар ма — бұл маңызды емес. Қауымдастықта 700 адам бар, сондықтан колледж студенттерінің барлығы бұл жазбадан хабардар. Себебі анонимді пікір қалдырған адам студенттің есімін және оқитын тобына дейін көрсетіп қойған.
Біз Orda.kz редакциясына келіп түскен барлық қорлау жазбалары бар скриншоттарды көрсетпейміз, бірақ барлық қолда бар мәліметтерді полицияға ұсынуға дайынбыз.
«Өзім туралы мұндай кемсіту мен мұқатуды оқу ауыр болды. Оның үстіне коллдежде жазбадан барлығы хабардар болған соң көбісі келіп ман туралы жазылғанның бірін өзіме айтып жатқанын есту одан бетер қиынға соқты. Осыны уайымдаймын деп күйзеліске түсіп, өксігімді тоқтата алмаған күндер де болды. Ақыр соңында психологпен жұмыс істедім. Бірақ, оның бәрін қайта есіме түсіру маған ауыр соғады», – деді кибербуллингке тап болған қыз.
Буллинге тап болған соң Айнұр уақытша сабақтарға қатыспауға шешім қабылдайды, біраз уақыт бұл көмектескенімен артынша бәрі ушығып кеткен.
«Бұл тек маған ғана емес, колледждегі достарыма да қатысты. Олардың да үстінен сондай пікірлер жазылып жатты. Біз бірге әкімшілікке шағымдандық, бірақ олар біздің өтініштерімізді елемей, «уақыт жоқ» деп жауап беріп, «елемеуге» кеңес берді. Бірақ, біз туралы жазылып жатқан былапыт тоқтамады, керісінше, үсті-үстіне көбейе берді», – дейді студент.
Колледж басшылығы тек қолдарын бір сілтеп қоя берген соң аноним модераторды Айнұр өзі табуға тырысып көрген.
«13 мың теңге төлесең, анононимді жазба қалдырған адамның атын білуге болады»
«Мен Instagram парақшасына мен туралы кім жазып жатқанын білу мүмкін бе, деп сұрадым. Мен бірден бұл ақпарат үшін ақша сұрауы мүмкін екеніне түсіндім, сондықтан қанша тұратынын сұрадым. Маған 13 мың теңге деп жауап берді, сонда ғана бұл пікірлердің артында кім тұрғанын айтады. Бірақ, бұған дейін де өздерін жамандап жазғандарды анықтау үшін ақша беріп, ақырында ештеңе айтпай, алданып қалғандар да болған», – деді қыз.
Дәл осындай буллингке ұшыраған тағы бір студент Нұрай (есімі өзгертілген) алғаш рет өзі туралы қорлау жазбасын көргенде, дереу оқу орнының әкімшілігіне барған. Нұрай студенттер арасында киімінің стилі мен ата-анасының материалдық деңгейі жоғары болғандықтан келемеже қалған екен.
«Олар мен туралы мүлде шындыққа жанаспайтын жазбалар жазды. Жеңіл-жүрісті деп, жеке өміріме қатысты болмаған жәйттарды болды деп жазыпты. Мен бұны алғаш оқығанда таңғалдым. Не үшін мен туралы осыншама былапыт жазып жатыр деп. Мен кімге не жасап қойдым деген санамда көптеген сұрақтар туды. Бастапқыда, басқа адамдар туралы жазылған хабарламаларды оқып, «ештеңе етпейді, бұл да өтеді» деп ойлаған едім. Ал өзім бұған тап болғанда, өзімді ең төменгі дәрежеде сезіндім және үнемі сол жерде жазылып жатқан адамдардың жағдайы қандай болатынын түсіндім», – деді студент.
Нұрай өзінің «дұшпандары» жазған посты өшірту үшін одан 13 мың теңге сұраған, алайда ешқандай кепілдік болмайтын түсініп, дереу әкімшілікке барды. Ондағылар қызға бұл мәселеге олардың еш қатысы жоқ екенін әрі оны оны шешуге де мүмкіндіктері жоқ екенін айтып, қызға психологқа баруға кеңес берген.
Бұл пабликте тек буллинг қана емес, сонымен қатар, кейбір студенттер сезімдерін білдіріп жатса, кейбіреулер төбелес пен белгілі бір студентті ұрып тастау жайлы да жазбалар қалдырады екен.
Психолог Ержан Мырзабаевтың айтуынша, егер студенттің буллингтен әбден зардап шегіп, тіпті сабаққа қатыспай кетсе, ал білім мекемесі бұған еш тосқауыл қоя алмаса бірден құқық қорғау органдарына жүгіну керек. Сонымен қатар,іздің елімізде буллинг бойынша егжей-тегжейлі статистика жүргізілмейді, бұл құбылыстың себептері де толық зерттелмеген. Тек жақында ғана буллинг әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына енгізілгенін айтты маман.
«Егер нақты бұл жағдайға келер болсақ, буллинг мектеп немесе колледжден тыс жерде орын алса да, оның бастауы – оқу орны. Бұл жерде тәрбие жұмысы мен психологтың жұмысы дұрыс жолға қойылмағанын білдіреді. Балалардың мінез-құлқы қадағаланбағандықтан, оқу орнында пайда болған проблема уақыт өте келе офлайн және онлайн кеңістікке ауысады. Егер осы кезеңде мектепте немесе колледжде жағдай тоқтатылмаса, мамандар студенттермен жұмыс істемесе, болашақта буллингті тоқтату әлдеқайда қиын болады», – деп түсіндіреді Ержан Мырзабаев.
Психолог мұндай жағдайда әрбір студентпен жеке жұмыс істеу, үнемі тренингтер мен тәрбие сағаттарын өткізу, қажет болған жағдайда ата-аналарды тарту қажеттігін түсіндірді.
Біз колледж директоры Христина Баймағамбетовамен байланыстық. Ол жағдайдан хабардар екенін және басшылық тарапынан мүмкіндігінше жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
«Оқу орнының буллингті ұйымдастырған адамды анықтауға мүмкіндігі жоқ. Қыркүйек айында біз осы аккаунтқа платформаны жоюды талап етіп, сұрау салдық. Ешқандай жауап болмады, бірақ біз барлық қажетті профилактикалық әңгімелерді жүргізіп жатырмыз. Буллингке ұшыраған оқушы психологтан көмек сұрай алады», – деді Баймағамбетова.
Директордың айтуынша, кибербуллингке тап болған балалардың ата-аналары құқық қорғау орындарына арызбен жүгінуі керек.
«Біз студенттерді анонимді интернет-аккаунттардағы пікірлері үшін жазалауға еш құқығымыз жоқ. Егер біреуде кибербуллингтің дәлелі болса, олар полицияға баруы керек. Тек сот шешімі негізінде ғана біз колледж ішінде қандай да бір шаралар қолдана аламыз», – деп қысқа қайырды колледж директоры.
Мәселені жан-жақты қарастыру мақсатында біз заңгер Сергей Уткиннен заң тұрғысында қандай қадамдар жасалуы керек екенін сұрастырдық. Заңгердің айтуынша, 700-ден астам адам қатысқан буллингтің бұл түрінде шұғыл шара қабылдау қажет. Сондай-ақ, бұндай жағдайларға қатысты арнайы бекітілген ережелер бар.
«Бұл ережелерде оқу орны әкімшілігі буллингке қатысты ақпарат түскеннен кейін бір күн ішінде шағымды тіркеп, тексеру жүргізіп, қатысушыларды анықтап, жағдайды реттеу шараларын қабылдауы тиіс екені нақты көрсетілген. Колледж басшылығы дереу буллингке қатысты жағдайды анықтап, оны кім ұйымдастырушысы мен салдарынан зардап шеккен студентті қорғау шараларын қабылдауы керек», – деді заңгер Уткин.
Егер біреу 13 мың теңге төлеп, өзіне қатысты теріс ақпараттың жариялануын болдырмау үшін бопсалаушыларға ақша берген болса, полиция бұл әрекетті тез анықтай алады. Ақша аударымдары әдетте банктік карталар арқылы жүзеге асырылады, бұл транзакцияларды бақылауды жеңілдетеді. криптовалюта қолданылмаған жағдайда, қаржылық операцияларды қадағалау және күдікті тұлғаларды анықтау оңайырақ болады. Бұл жағдайда, студент немесе оның ата-анасы колледж әкімшілігіне, содан кейін білім басқармасына және прокуратураға жүгінуі қажет. Бұл органдар тиісті тергеу жүргізіп, қылмыстық әрекеттерді анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуға көмектеседі.
Бұл оқиғаны қорытындылай келе айтарымыз, ЮНИСЕФ зерттеуіне сәйкес Қазақстанда әрбір бесінші бала буллингке ұшырайды. Не істеу керек, кінә кімнен, білім беру мекемесі мен аноноимді пабликтің ұйымдастырушысы жауапкершілікке тартыла ма?
Жаңалықтар
- Жаңаөзенде Әбіш Кекілбаевтың атына көше атауы берілді
- Қазақстан жемқорлық деңгейі жоғары елдердің қатарында қалды
- Бесшоқыдағы 400 баланың улануының артында жалған құжат жасатқан асхана қызметкерлері тұр
- Трамптың арнайы өкілінің ұшағы Мәскеуге қонды
- Екі террорлық актіге тосқауыл қойылды – Тоқаев
- Қазақгейт-2 болмайды: Трамп АҚШ компанияларына қазақ шенеуніктеріне пара беруге рұқсат берді
- «Қазақстандағы еттің қымбаттауы сұраныстың көптігінен» - АШМ басшысы
- Наурыз айынан бастап кейбір смартфондар «қара тізімге» еніп, істен шығады
- Қырғызстан президенті Азаттық радиосын жабу туралы ұсынысты қолдады
- «Біздің Атамекеніміз осы»: Ресейдегі қазақтар қалай күн кешіп жатыр?
- Кентау қаласының аумағы ұлғаяды
- Бектенов салық кодексі жобасын 20 ақпанға дейін нақтылауды тапсырды
- Тағы да ұшақ апаты: АҚШ-та екі ұшақ соғысты
- Қостанай облысында екі тұрғын заңсыз жолмен бағалы металдар өндірген
- Дональд Трамптың Газаны сатып алып, иеленбек ниеті бар
- Ресей депутатына Әзірбайжан аумағына кіруге тыйым салынды
- Ақтөбеде оттық үшін танысының басын кесіп, тоңазытқышқа салған адам сотталды
- Диско-бар, караоке және бильярд: Мәсімовтің үйінен қандай қызық нәрселер табылды
- «Кінәсізбін!»: Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде аштық жариялады
- Шымкентте бұрынғы судья ақша жымқырғаны үшін сотталды