Семейде қосымша нәпақа табам деп жұмыс істеп жүрген студент қолынан айырылды
КТК телеарнасы бейнесінен кадр
Семейде 20 жастағы студент құрылыс алаңында қосымша жұмыс істеп жүріп қолынан айырылды. Ол бітеліп қалған механизмді тазаламақ болған кезде бетон араластырғышқа түсіп кеткен, деп хабарлайды Orda.kz КТК телеарнасына сілтеп.
Зардап шеккен — болашақ заңгер Асылжан Қалелов. Ол биыл диплом алуы тиіс еді. Асылжан таныстары арқылы құрылыс алаңынан қосымша жұмыс тауып істеп жүрген, қайғылы оқиға сол жерде болған. Өткен демалыс күндері ол қолынан айырылып, есін ауруханада әрең жиған.
Жігіттің айтуынша, ол оқуына ақша табу және ата-анасына көмектесу үшін жұмыс істегісі келген.
«Бетон араластырғыштың ішінде тас тұрып қалды. Мен оны ішін тазаламақ болдым. Алдымен күрекпен ерітіндіні шығарып жаттым. Кейін күрек жетпей қалды. Кішкентай күрекпен толық тазалайын дедім. Қалай болғанын білмеймін, бетон араластырғыш өшірулі тұрған, бірақ бір кезде өзінен-өзі қосылып кетті», – дейді Асылжан.
Ол қолын шығарып алғанын, бірақ одан кейін не болғанын есіне түсіре алмайтынын айтты.
«Оң жақ жоғарғы аяқ-қолына шұғыл операция жасалды. Ауруханаға түскен кезде оң қолы жаншылып кеткен болатын. Қазіргі жағдайы орташа ауыр, тұрақты», – деді травматолог дәрігер Жанахмет Садықов.
Жігіттің туыстары болған жағдайдан есеңгіреп қалған. Олардың айтуынша, Асылжанның құрылыс алаңында жұмыс істеп жүргенін білмеген. Сондай-ақ студенттің ресми түрде жұмыс істемегені хабарланды.
«Оны қауіпті жерге қойған. Нұсқама да берілмеген, қауіпсіздік техникасы да сақталмаған. Дайындықсыз. Екі күн ғана барған, үшінші күні, міне, осындай жағдай болды. Қолы түгел жаншылып кеткен. Бұл өте қорқынышты. Дәрігерлер оның қолын сақтап қалуға еш мүмкіндік болмағанын айтты, еттартқыштан өткен сияқты», – деді зардап шеккен студенттің анасы.
Туыстары құрылыс алаңына барып, басшылықпен сөйлеспек болған, алайда олармен ешкім тілдеспеген.
Қазір бұл іспен еңбек инспекциясы айналысып жатыр.
«Алынған жарақат өндірістік жарақаттың ауыр дәрежесіне жатады. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Комиссия жұмысқа кірісті», – деді Абай облысының мемлекеттік еңбек инспекторы Қайрат Жөкебаев.
Инспекция тексеруі кемінде 10 күнге созылады. Барлық қорытындылар полицияға жолданады. Ал Асылжанға енді ұзақ оңалту және протез қажет болады.
Оқи отырыңыз:
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Алматыда студенттерге көмек көрсету орталығы ашылды
- Жүктілігін жасырған студент: Павлодарда жаңа туған сәбидің өлімімен аяқталған іс бойынша үкім шықты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық