Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Қытайдың ғарыштағы кезекті миссиясы сәтсіз аяқталды: «Чанчжэн-7А» зымыран-тасығышы ұшырылғаннан кейін шамамен 90 секундтан соң әуеде жарылып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға Хайнань аралындағы Вэньчан ғарыш айлағынан ұшырылым кезінде болған.

Зымыран орбитаға «Чжунсин-4B» спутнигін шығаруы тиіс еді. Алайда ұшырылымнан көп ұзамай апат болып, миссия тоқтатылды. Қазір зымыранның не себепті жарылғаны анықталып жатыр.

Бұл — «Чанчжэн-7А» зымыранының кейінгі алты жылдан астам уақыт ішіндегі алғашқы апаты. Зымыранның алғашқы ұшырылымы 2020 жылдың наурызында болған. Сол кезде де техникалық ақау салдарынан миссия сәтсіз аяқталған еді.


Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар