Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
Фото: Pexels
Қазақстанда шілде айында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 4,9%-ға азайды. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, шілдеде ел бойынша 37 158 мәміле тіркелген, деп хабарлайды Orda.kz.
Ал маусымда бұл көрсеткіш 39 053 болған. Бір қызығы, нарықтағы мәмілелердің басым бөлігі әдеттегідей Алматы мен Астанаға тиесілі:
- Алматы — 7 263 мәміле
- Астана — 6 99
- Қарағанды облысы — 2 688
Ал ең аз мәміле Ұлытау облысында тіркелген — небәрі 311. Бірақ барлық өңірде жағдай бірдей емес. Шілдеде маусыммен салыстырғанда мәмілелер саны ең көп Шымкентте (+14,2%), Батыс Қазақстанда (+14%) және Жамбыл облысында (+11,5%) өскен.
Ал ең үлкен құлдырау:
- Маңғыстау — 33,7
- Қарағанды — 28,7
- Түркістан — 22,4%
Пәтер нарығында да төмендеу бар. Шілдеде 28 575 пәтер бойынша мәміле жасалған. Бұл барлық тұрғын үй мәмілелерінің 76,9%-ын құрайды. Ал сатып алушылар арасында ең сұраныста болғаны — екі бөлмелі пәтерлер. Бір айда осындай 11 056 мәміле тіркелген.
Ең маңыздысы бұл тек бір айдағы құбылыс емес
2026 жылғы шілдеде тұрғын үй мәмілелері өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 6,5%-ға азайған.
Ал қаңтар–шілде аралығында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мәмілелер саны 2,6%-ға төмендеді. Яғни, Қазақстанда тұрғын үй нарығы біртіндеп баяулап бара жатқанын статистика көрсетіп отыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық