Қытай шекараcында тағы да дүрбелең: тасымалдаушылардың рұқсаты таусылды
Фото: МКК
Қазақстан-Қытай шекарасында Қытайға бара жатқан жүздеген жүк көлігі тұрып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіргендей, кептелістердің негізгі себебі - қазақстандық тасымалдаушыларда шекарадан өту үшін қажетті шетелдік рұқсат бланкілері таусылған.
Қазір ведомство Көлік министрлігімен бірлесіп қытай тарапымен қосымша рұқсат беру туралы келіссөз жүргізуде. ҚХР қабылдайтын машиналар санын уақытша ұлғайтуға және өткізу пункттерінде кедендік ресімдеуді жеделдетуге келісіп жатыр.
Тасымалдаушылардың шығындарын азайту үшін CarGoRuqsat электронды кезегіндегі брондау мерзімі 72 сағатқа ұзартылды.
«Бұл тасымалдаушыларға жүйенің жаңартылған жұмыс қағидаларымен белгіленген 20 АЕК көлеміндегі кепілді жарна мен брондау үшін бұрын енгізілген бір АЕК-ті сақтауға мүмкіндік береді» деп жазылған хабарламада.
Рұқсаттардың жаңа топтамасы келіп түскеннен кейін жүргізушілер құжаттарын бұрын броньдалған кезек бойынша рәсімдей алады. МКК тасымалдаушыларды жағдай қалыпқа келгенше өткізу пункттеріне бармауға шақырды.
Бұған дейін біз Қаржы министрлігі жүк көлігін шекара мен электронды кезек жүйесі арқылы өткізу үшін төлемақының жаңа мөлшерлерін бекіткенін жазғанбыз. Енді жүк көліктері брондау кезінде бір АЕК (3 932 теңге) төлейтін болған.
Жақында мәжілісмендердің үкіметтік жеңілдіктерді пайдаланып отырған шетелдік компаниялар қазақстандық кәсіпкерлерді нарықтан ығыстырып жатқанын, ал олардың үлесі қазірдің өзінде 25%-дан төмендеп кеткенін айтып мәселе көтерген болатын.
Сонымен қатар биылдан бастап еліміздегі сары түсті автонөмірлер жойылады, себебі шетелдіктер отандық тасымалдаушыларға арналған жеңілдіктер мен квоталарды пайдаланып келген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық