Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстанның салық заңнамасын сақтауы тиіс
Фото: astanatv.kz
Қазақстанда шетелдік тасымалдаушылардың салық заңнамасын сақтауына тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
«Тасымалдаушыла қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында биыл көлік компанияларына, оның ішінде құрылтайшылары – резидент емес ұйымдарға қатысты салық заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу жоспарланып отыр», – деді Премьер-Министр Олжас Бектенов депутаттардың сауалына жауап бергенде.
Бұған дейін депутаттар Қазақстанның орталық географиялық орналасуы оны халықаралық транзиттік тасымал үшін стратегиялық маңызды елге айналдыратынын айтып, соңғы жылдары бұл нарықтағы қазақстандық компаниялардың үлесі 30%-дан 51%-ға дейін өскенін атап өткен болатын.
Алайда, парламент мүшелерінің пікірінше, 2022 жылдан бастап елде шетелдік көлік компаниялары жаппай тіркеле бастаған. Олар отандық тасымалдаушыларға арналған жеңілдіктер мен квоталарға қол жеткізе отырып, шетелдік капиталды, персоналды және автокөлік паркін пайдаланады.
Мәжілісмендердің айтуынша, үкіметтік жеңілдіктерді пайдаланып отырған бұл компаниялар қазақстандық кәсіпкерлерді нарықтан ығыстырып жатыр, ал олардың үлесі қазірдің өзінде 25%-дан төмендеп кеткен.
Депутаттар мұндай компаниялардың қызметін шұғыл тексеруді, реттеуді күшейтуді және ұлттық мүдделерді қорғауды талап етті. Бұл нарықтағы позицияны толық жоғалту мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіптің алдын алу үшін қажет.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық