Еліміздегі сары түсті автонөмірлер жойылады: шетелдіктер отандық тасымалдаушыларға арналған жеңілдіктер мен квоталарды пайдаланып келген
Фото: avtoshark.com
Қазақстанда сары түсті автокөлік нөмірлерін алып тастау қарастырылатын болады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Сары түсті «М» және «Н» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көліктердің мәртебесі ақ нөмірлермен тең. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі «сары» нөмірлерді жою және бірыңғай «ақ» мемлекеттік тіркеу нөмірлерін енгізу бөлігінде ведомстволық ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуде. Бұл рәсімдерді жеңілдетуге және біріздендіруге алып келеді», – деді Премьер-Министр Олжас Бектенов депутаттардың сауалына жауап бере отырып.
Үкімет басшысының түсіндіруінше, «Автомобиль көлігі туралы» заңға сәйкес, аталған саладағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері – нарыққа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, бәсекелестік ортаны дамыту, экономика мен халықтың сапалы және қолжетімді көлік қызметтеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру.
«Қазіргі уақытта халықаралық автотасымалдар 42 елмен жасалған екіжақты үкіметаралық келісімдер аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл өз кезегінде жоғары бәсекелі ортаны қалыптастырады. Оған отандық компаниялармен қатар, құрылтайшылары шетел азаматтары болатын және Қазақстан Республикасында тіркелген кәсіпорындар да қатысады», – деп қосты Премьер-Министр.
Оның айтуынша, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, Қазақстанда тіркелген барлық заңды тұлғалар құрылтайшылар құрамына қарамастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.
«Осыған байланысты мұндай компаниялар бірыңғай құқықтық реттеуге бағынады және қазақстандық бизнес субъектілері болып есептеледі. Демек, барлық тасымалдаушылар шанақты тіркеу кезінде кәдеге жарату алымын төлейді. Сонымен қатар, жаңа шанақтарға арналған бастапқы тіркеу мөлшерлемесінің (екі жылға дейінгі пайдалану мерзімімен 0,25 АЕК) жойылуы олардың импорт көлеміне әсер еткен жоқ», – деді Бектенов.
Бектеневтің айтуынша, Қазақстанда тіркелген 3558 тасымалдаушының ішінен 145 заңды тұлғаның құрылтайшылары арасында шетел азаматтары бар.
«2022 жылдан бері оларға шамамен 104 мың шетелдік рұқсат бланкілері берілген, бұл жалпы берілген рұқсаттардың 13%-ы. Сонымен қатар, аталған кезеңде автокөлікпен экспорттық-импорттық тасымалдың жалпы көлемі 31%-ға артып, 9,3 млн тонна болды, ал қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі 31%-дан 52%-ға дейін өсті. Бұл отандық автотасымалдау нарығының дамып жатқанын көрсетеді», – деп түсіндірді премьер.
Оның пікірінше, Қазақстан аумағында тіркелген, шетелдік инвесторлар қатысатын кәсіпорындарға шектеу қою олардың көршілес елдерге қоныс аударуына әкелуі мүмкін.
«Бұл өз кезегінде елден капиталдың кетуіне, салық түсімдерінің азаюына және халықаралық тасымал нарығындағы позицияның әлсіреуіне әкеп соғады. Сондықтан ұсынылып отырған шаралар ұлттық мүдделердің, ішкі нарықты қорғаудың және халықаралық міндеттемелерді сақтаудың теңгерімін ескеруі тиіс», – деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ, ол халықаралық автотасымал нарығын дамыту адал бәсекелестікті, рәсімдердің ашықтығын және елдің транзиттік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету тұрғысынан жалғасатынын айтты.
«Жалпы, бұл мәселелер үкіметтің тұрақты бақылауында», – деп түйіндеді Бектенов.
Бұған дейін депутаттар Қазақстанның орталық географиялық орналасуы оны халықаралық транзиттік тасымал үшін стратегиялық маңызды етеді деп атап өткен болатын. Соңғы жылдары бұл нарықтағы қазақстандық компаниялардың үлесі 30%-дан 51%-ға дейін өскен.
Алайда мәжілісмендердің пікірінше, 2022 жылдан бастап шетелдік көлік компаниялары елде жаппай тіркеліп, отандық тасымалдаушыларға арналған жеңілдіктер мен квоталарға қол жеткізіп жатыр. Бұл компаниялар шетелдік капиталды, персоналды және автопаркті пайдаланса да, үкіметтік жеңілдіктерді иеленіп, қазақстандық кәсіпкерлерді нарықтан ығыстырып жатыр.
Олардың үлесі 25%-дан төмен түсіп кеткен. Депутаттар мұндай компаниялардың қызметін шұғыл тексеруді, реттеуді қатаңдатуды және ұлттық мүдделені қорғауды талап етті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық