Қытай Қазақстанға 100 млн юань қаражатын өтеусіз бермекші: Алып көршінің ашық алақанының астарында жұмылған жұдырық тұрмаса игі еді
Фото: Elements.envato.com
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжат мәтінінен түсінгеніміз Қытай Қазақстанға «Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуға бағытталатын» 100 000 000 юань мөлшерінде (ҚР Ұлттық банкінің бағамы бойынша - 7,5 млрд теңгеге жуық) өтеусіз грант береді.
Берілген грант мақсатты түрде Қазақстан мен Қытай арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен бәсекеге қабілеттілікті, инвестициялық ахуалды арттыру және ҚР ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетін арттыру үшін ҚР-ға қосымша инвестициялар тартуға жұмсалмақ.
Жоба 2025 жылғы 24 тамызға дейін, яғни бүгін соңғы күн көпшіліктің талқылауы үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Наурыз айының соңында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің 12-ші отырысында сауда, көлік және инвестиция бойынша ынтымақтастықты кеңейту барысы талқылады.
Былтыр Бейжіңде Қазақстанның ірі ауылшаруашылық өндірушілері Қытайдың он компаниясымен құны миллиард доллар болатын меморандумдар мен келісімдерге қол қойды.
Сонымен қатар Қазақстан екі ел арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты да кеңейтпекші.
2025 жылғы 11 тамызда жасанды интеллектті дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жаңа халықаралық ұйым құру туралы бастамасын қолдағаны белгілі.
Экономикалық себептерден бөлек, Қытайдың саяси амбициялары да бар. ҚХР батыс блоктарына қарсы BRICS және басқа бірлестіктердің әлеуетін белсенді пайдаланып отыр. Бұл Қазақстанның қайтадан Батыс пен Шығыс арасындағы жаһандық геосаяси ойындағы маңызды орынға айналғанын білдіреді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық