Қырғызстанның экс-депутаты Ұлықбек Қошқаров АҚШ-та курьер болып жұмыс істеп жүр ме?
Фото: 24 KG
Жогорку Кенештің экс-депутаты Ұлықбек Қошқаров АҚШ-та курьер болып жұмыс істей ме? Осындай сұрақ әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Желіде Ұлықбек Қошқаровтың автокөлік жүксалғышына сәлемдеме тиеп жатқан сәті түсірілген видеоны Қырғызстанның 24 KG ақпаратттық порталы жариялады.
Бейнежазба сипаттамасында бұрынғы депутаттың Amazon компаниясында курьер болып жұмыс істейтіні айтылған. Көптеген қолданушылар оның адал еңбекпен айналысып жүргенін атап өтіп, қолдау білдірді. Кейбіреулер оның Қырғызстандағы мемлекеттік қызметтегі кезеңін де еске алды.
Ұлықбек Қошқаров V шақырылымдағы Жогорку Кенештің депутаты болып, «Ата-Жұрт» партиясының құрамында қызмет атқарған. Ол 2017 жылғы президенттік сайлауға қатысқан, ал 2018 жылдың қазан айында Еңбек және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалған. 2020 жылы «Биримдик» партиясы атынан Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауға қатысқан.
2020 жылғы қазан оқиғаларынан кейін билікке Садыр Жапаров келген соң, Ұлықбек Қошқаров министр қызметінен босатылды. Ол сол кезде өзінің жұмыстан шығарылғанын интернеттен білгенін мәлімдеген болатын.
Белгілі болғандай, соңғы бірнеше жылда Ұлықбек Қошқаров отбасымен бірге АҚШ-тың Чикаго қаласында тұрып келеді. Алайда ол қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласпайды, көшіп келуі мен қазіргі қызметі туралы пікір білдірмеген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық