Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
Фото: freepik.com
Қырғызстанда мектептердің маңында зиянды тағам сатуға шектеу енгізіледі. Елдің министрлер кабинеті үкімет қаулысына өзгерістер енгізіп, мектеп аумағында зиянды азық-түлік сататын нысандарды орналастыруға тыйым салды, деп хабарлайды Orda.kz 24KG сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, жаңа қаулы бойынша жер жетіспейтін жағдайда төрт қабатты мектеп ғимараттарын салуға рұқсат етіледі. Төртінші қабатта оқушылармен жұмыс істейтін психолог, логопед және әлеуметтік педагог кабинеттерін орналастыру қарастырылған.
Бұдан бөлек, санитарлық және желдету талаптары мен өрт қауіпсіздігі нормалары сақталған жағдайда жертөле қабаттарын асхана, кітапхана, спорт, би және акт залдары ретінде пайдалануға мүмкіндік беріледі.
Спорт залдарында ұлдар мен қыздарға арналған жеке киім ауыстыратын бөлмелер мен дәретханалар қарастыру ұсынылады. Егер мектептің өз спорт залы болмаса, жақын маңдағы спорт нысандарын пайдалануға рұқсат етіледі.
Бұл қаулы 15 күннен кейін күшіне енеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды
- Астанадағы әуетакси сынағы: Алғашқы вертипорт қайда салынады?
- «Тек жәбірленушінің жауабымен соттады»: 15 және 25 жылға сотталғандардың туыстары дабыл қақты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайтадан төмендетті — 16,75 %
- АҚШ-тың жаңа кедендік баждары: Қазақстанға қатысы бар ма?
- ІІМ блогерлер мен ақпараттық ресурс иелеріне иелеріне ескерту жасады
- «Алтыналмас» АҚ кен орнында жұмысшы қаза тапты
- ЕО Google компаниясына 890 млн еуро айыппұл салды
- Астанада көкөніс дүкеніне кіріп кеткен көлік 15 жастағы қызды жаралады
- ҚР СІМ серіктес елдерді КҚК-дағы танкерлерге жасалған шабуылдарды айыптауға шақырды
- 15 минуттық жаңбыр Астананы Венецияға айналдырды
- Прокурор Нұрай Серікбайға 35 рет пышақ салынғанын мәлімдеді
- 73 пайызы ауыр: Біздің шенеуніктер қандай қылмысқа құмар?
- Ақтөбеде жүргізушіге ескерту жасаған ер адамды ұрлап кеткен
- Бауыры екі жерден жарылған, қабырғалары сынған: Жігітінің қолынан қаза тапқан қыздың туыстары сұмдық оқиғаны айтып берді
- Яссауи іліміне қатысты XVII ғасырдың сирек қолжазбасы табылды
- Түркістанда ҰҚТ ауадан ақша жасап, жоқ фермаға мемлекеттен үш млрд несие алған
- Бас прокуратура сайлауалды үгіт ережелерін бұзғандарға айыппұл салынатынын ескертті