Тіл тағдыры – ел тағдыры: Қырғыз тілін білмейтін қырғызстандықтар айыппұл арқалайды
Фото: Kyrgyzstan_online
Қырғызстанда қырғыз тілін білмейтін азаматтарға айыппұл салу мәселесі бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Orda.kz.
24.kg басылымының дерегінше, Жогорку Кенеш екінші және үшінші оқылымда мемлекеттік тілдің қолданысына қатысты бірқатар өзгерісті мақұлдаған.
Енді мемлекеттік тілді білу — депутаттар, министрлер, түрлі деңгейдегі судьялар мен прокурорлар, тергеушілер, Ұлттық банк, қауіпсіздік және құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін міндетті талапқа айналады. Сондай-ақ, адвокаттар мен нотариустар қырғыз тілін тиісті деңгейде меңгермесе, лицензия ала алмайды.
Сонымен қатар, егер шетелден келген азамат қырғыз тілін күнделікті өмірге жеткілікті деңгейде білмесе, оған ықтиярхат немесе иммигрант мәртебесі берілмеуі мүмкін.
Жаңа талаптар медиа саласын да қамтиды. Бұдан былай теле-радио өнімдерінің кемінде 60 пайызы қырғыз тілінде болуы тиіс. Ал жарнама мәтіндері орфография мен тіл нормаларына сай жазылып, жергілікті билік тарапынан мақұлдануы қажет.
Жаңа нормаларды бұзғандарға айыппұл салынады: қарапайым азаматтар үшін — 5 000 сом (шамамен 29 500 теңге), ал заңды тұлғалар үшін — 17 000 сом (шамамен 100 500 теңге).
Бұл талаптардың орындалуын Қырғызстанның Мемлекеттік тіл және тіл саясаты жөніндегі ұлттық комиссиясы қадағалайды.
Айта кетейік, СҚО-да жүкті әйел орыс ұлтына тіл тигізгені үшін екі жылға сотталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық