Қырғызстан аузынан қағынып, опық жеген Екатерина Биволды қамауға ордер шығарды
Фото: Екатерина Бивол инстаграмы
Қырғызстанда бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Қырғыз елі оны ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыптайды, деп хабарлайды Orda.kz 24.kg-ге сілтеп.
Ел астанасының ІІББ мәліметінше, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабы - «Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңіраралық араздықты (алауыздықты) қоздыру» бойынша ашылған. Баптың санкциясы бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Тергеу қорытындысы бойынша Бивол қырғыздарға, қазақтарға және басқа да ұлттарға тіл тигізгені нақтыланды. 21 қазанда әлеуметтік желілерде осы әйелдің бейәдеп сөзді қарша боратқан бейнесі тарады.
Кінә Екатеринаға сырттай тағылған. Бұлтартпау шарасы таңдалды - қамауға алу, әйелге іздеу жарияланды.
«Біз болған оқиғаның барлық жағдайларын тексереміз», деп хабарлады Бішкек қалалық ІІББ.
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина түрлі ұлт өкілдерін қорлаған видео жарияланғаннан кейін жанжалдың ортасында қалған болатын. Видео шыққаннан кейін екі елдің де ІІМ тексеріс жүргізді.
Ол Instagram парақшасында қазақстандық аудиторияны сауатсыз, надан халыққа теңеді. Оның айтуынша, қазақстандықтар тек маскүнемдерден бала табуды ғана біледі екен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық