Қырғыз президентінің саяси серіктесі Ташиев бүкіл қызметінен босатылды
Фото: 24kg
Қамшыбек Ташиев Қырғызстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тиісті жарлыққа Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды. Қамшыбек Ташиев Қырғызстан ҰҚМК төрағасы қызметіне 2020 жылғы 16 қазанда тағайындалған. Ташиевтің орнына Жумгалбек Шабданбеков ҰҚМК төрағасы міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Жумгалбек Шабданбековтің кандидатурасы Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешіне енгізілді.
Қамшыбек Ташиев пен елдің қазіргі президенті Садыр Жапаров екеуі көпжылдық достар. Олардың жақсы қарым-қатынасы билікке келмей тұрып-ақ басталған. 2010-жылдардың басында екеуі бірнеше рет саяси процестерде бір тарапта болды. 2012 жылғы ортақ қылмыстық эпизодты бірге бастан өткерді. Ал 2020 жылы қазан оқиғаларынан кейін Садыр Жапаров президент қызметіне кірісті. Ал Қамшыбек Ташиев ҰҚМК басшысы болып тағайындалды.
Қырғызстандық басылымдар соңғы уақытта саяси ортада Ташиевтің алдағы президенттік сайлауға қатысуы мүмкін деген қауесет тарағанын хабарлады. Алайда Қамшыбек Ташиев бірнеше рет президенттік додаға қатысатын ойы жоқ екенін және Садыр Жапаровты қолдайтынын мәлімдеген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Алматыда LRT құрылысы үшін 270 жер учаскесі алынады
- Алматы полициясы әйелдерін «сыйға тарта салатын» имамды жазалады
- Ұлыбританияға жұмысқа орналастырамын деп 80 адамның 40 миллион теңгесін қағып алған
- АҚШ Таяу Шығысқа 3 мыңнан астам теңіз жаяу әскерінің келгенін хабарлады
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан «астық дағдарысы» болуы мүмкін
- Көлік салығына байланысты кімдердің шоттары бұғатталады?
- ТЖМ Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындарына ескерту жасады
- Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
- «Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді
- Алматы құрылыс бақылау басқармасы заңсыз лицензия таратқан: қылмыстық схема әшкере болды
- БАҚ: Украина әскери қимылдарға арналған қаражат тапшылығына ұшырады
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды
- Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді
- Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатыр
- Ақтөбеде мемлекетке 672 миллион теңге шығын келтірген екі депутат пен шенеунік сотталды
- Марко Рубио: Зеленскийдің АҚШ кепілдік үшін аумақ сұрады деген сөзі жалған
- Ақмола облысында әскерден жалтаруға «қажетті диагноз» қоятын қызметкер ұсталды
- Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпекші болған қылмыстық топ құрықталды
- Түркістан облысында жоғалған сегіз жасар бала төртінші күн табылар емес