Қырғызстан жаңғақ атауын «қырғыз» деп өзгертуі мүмкін
Фото: Pixabay.com
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев жаңғақ атауын «қырғыз» деп өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қамшыбек Тәшиев Джалал-Абад облысында көшет отырғызу кезінде осындай үндеу жасады. Тәшиев грек жаңғағы мыңдаған жылдар бойы Қырғызстан аумағында өсетінін, бүгінде әлемдегі ең үлкен табиғи жаңғақ тоғайы – Арсланбабта орналасқанын атап өтті.
Оның айтуынша, жаңғақ өсіру мәдениеті Қырғызстаннан бүкіл әлемге таралған. Кейін әртүрлі елдерде жергілікті атаулармен аталып кеткен. Мысалы «грек», «түрік», «венгр» жаңғағы және т.б.
«Бірақ нақтылайтын болсақ, жаңғақтың отаны - Қырғызстан. Біз оны грек немесе түрік жаңғағы деп емес, «қырғыз» жаңғағы деп атауымыз керек», – деді Қамшыбек Тәшиев.
Ол сондай-ақ қырғызстандықтардың ұлттық жетістіктерге мақтана алмайтынын сынға алды.
«Біз, қырғыздар, өзімізді мақтай алмаймыз. Егер ол гректердікі болса, осы нұсқа дұрыс деп санаймыз. Керісінше, оны бізден гректер алды деп айтуымыз керек. Мұны брендке айналдыру керек», - деді ол.
Еске салайық, бүгін 1 сәуір күні Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында жаңа жер кодексіне байланысты митинг өтіп жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық