Күннің тұтылуын тамашалаған Германия халқы көз ауруына шағымданды
Фото: Axel Heimken/dpa/picture alliance
Күн тұтылғаннан кейін Германияда ондаған адам көздеріне қатысты мәселеге туындағанына шағымданып, дәрігерлерге жүгінді, деп хабарлайды Orda.kz.
Күн тұтылуы Германияның оңтүстік-батысында, атап айтқанда Баден-Вюртемберг жерінде айрықша күшті байқалды. Мұнда Күннің 90%-дан астамы жабылды. Осыдан кейін дәрігерлерге жүгінгендер саны күрт артқан. Тек Мангейм қаласындағы офтальмологиялық клиникада аспан құбылысынан кейінгі бірнеше сағат ішінде шамамен 20 жағдай тіркелген.
Штутгарт пен Фрайбург сияқты басқа қалаларда да осындай жағдай байқалды. Пациенттер бас ауруына, кейбірі бас айналуына, сондай-ақ көздерінің ашып, шаншып және көру аймағында дақтардың пайда болғанына шағымданған.
«Алайда клиникаға жүгінгендердің ешқайсысынан көру қабілетінің нашарлағаны анықталмаған. Дәрігерлер бұл белгілердің ешқандай із қалдырмай өздігінен басылады деп күтуде», деп хабарлады немістердің ақпарат агенттігі dpa.
Германияда Күннің жартылай тұтылуы 12 тамыз күні кешке анық көрінген. Ауа райының қолайлы болуына байланысты бұл аспан құбылысын жүздеген мың адам бақылаған, ал дүкендерде арнайы қорғаныш көзілдіріктер тез сатылып кеткен.
Күн тұтылуын жеткілікті қорғанышсыз немесе мүлде қорғалмаған көзбен бақылау көздің тор қабығына зақым келтіретіні белгілі.
Күннің толық тұтылуын Испания, Исландия және Гренландияның шығыс бөлігінің тұрғындары көре алды. Ресей аумағында бұл құбылыс тек Таймыр түбегінде толық байқалды. Ал басқа өңірлердің тұрғындары Күннің тұтылуын тек ішінара бақылады. Мәселен, Мәскеуде Күн небәрі 1 пайызға жабылып, бұл құбылыс шамамен 9 минутқа созылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық