Қазақстанда цифрландыру мен AI жылы: Тоқаевтың мәлімдемесі
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың екіжақты ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Orda.kz Ақордаға сілтеп.
Президент елімізде ауқымды реформалар іске асырылып жатқанына тоқталды.
«15 наурызда жаңа, мазмұны жағынан прогрессивті Конституция қабылдау бойынша референдум өтті. Біз «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Білім, инновация және жасанды интеллектіні өрістетуді мақсат еткен мемлекет болуды көздейміз. Биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Осы аса маңызды салада жетістікке жету үшін барлық жағдайды жасаймыз», – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан барлық елдермен конструктивті әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған бейбіт және теңгерімді сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.
«Қазақстанда елдеріңіздің мүддесіне сай келетін мүмкіндік мол екеніне сенімдімін. Келесі аптаның жұмыс кестесі өте тығыз болмақ. Моңғолия президенті сапармен келеді. Астанада БҰҰ аясында Өңірлік экологиялық саммит ұйымдастырылады. Сондай-ақ Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткіземіз. Еліміздегі уақиғаларды мұқият саралап, өзара ынтымақтастықты нығайтуға айрықша үлес қосасыздар деп үміттенемін. Біздің мақсатымыз – ашық нарықтық экономиканы дамыту. Шетелден инвестиция келуіне мүдделіміз. Қазақстан басты халықаралық қаржы институттарымен және ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан», – деді мемлекет басшысы.
Іс-шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, олардың мемлекеттер басшыларына ізгі сәлемін жолдады.
Сонымен қатар бүгін Ақордада төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Сенім грамоталарын Кувейт мемлекетінің елшісі Адель Ахмед Сулайман Әл Гунайман, Моңғолия елшісі Гунаажавын Батжаргал, Монако Княздігінің елшісі Мирей Мартини, Эль-Сальвадор Республикасының елшісі Юрий Павел Сантакрус Пердемо тапсырды.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Жетісу әкіміне «Достық» бекеті мен «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды тапсырды
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Қазақстан құқықтық көмек туралы конвенциядағы өзгерістерді ратификациялады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық