Құрылтай сайлауы: Партиялар ұлттық теледебатта өз бағдарламаларын таныстырды
Фото: Тікелей эфир скриншоты
Qazaqstan телеарнасында ұлттық теледебаттың алғашқы кезеңі өтті. Оған жеті саяси партияның өкілдері қатысып, сайлауалды бағдарламаларын таныстырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сонымен қатар олар адами капиталды дамыту, кадр тапшылығы және жасанды интеллект мәселелері бойынша сұрақтарға жауап берді.
Теледебат тікелей эфирде «Қазақстанның болашағы — адами капитал» тақырыбымен өтті. Оған «Әділет», «Ауыл», Respublica, Қазақстан халық партиясы, «Байтақ», «Ақжол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өкілдері қатысты.
Пікірталас басталар алдында қатысушылар теледебаттың этика хартиясына қол қойды. Әрбір спикерге партиясының сайлауға қандай мақсатпен қатысып жатқанын және бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстыру үшін екі минуттан уақыт берілді. Екінші кезеңде барлық қатысушыларға ортақ екі сұрақ қойылды. Әр жауапқа да екі минут бөлінді. Бірінші сұрақ жеребе арқылы анықталған ретпен қойылса, екіншісі кері тәртіпте талқыланды.
Алғашқы тақырып адами капиталды дамытуға арналды. Партия өкілдеріне Қазақстанға талантты мамандарды тарту және елді білікті кадрлар үшін тартымды орталыққа айналдыру жолдары туралы айту ұсынылды.
«Әділет» партиясының мүшесі Ренат Бектұров шетелде жұмыс істеп жүрген қазақстандық мамандарды елге қайтару үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін айтты. «Байтақ» партиясының өкілі Нұргүл Қадырбаева Ар-намыс кодексін енгізуді ұсынды. «Ақжол» демократиялық партиясының мүшесі Олжас Нұралдинов білім сапасын арттыру, мектеп бағдарламаларын жаңғырту және жасанды интеллект технологияларын ерте жастан оқыту мәселесіне назар аударды. Ал Қазақстан халық партиясының жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар жоғары оқу орындары түлектері алған мамандығы бойынша жұмыс істеуі тиіс екенін атап өтті.
Екінші сұрақ әлеуметтік маңызы бар мамандықтардағы кадр тапшылығына арналды. Қатысушылардан әсіресе өңірлердегі дәрігерлер, мұғалімдер мен инженерлердің жетіспеушілігі туралы пікір білдіру, сондай-ақ бұл мәселені тек жалақыны көтеру арқылы шешуге бола ма, әлде кешенді реформалар қажет пе деген сауалға жауап беру сұралды.
Ренат Бектұровтың айтуынша, өңірлерде жастарды қолдау бағдарламаларын кеңейтіп, лайықты еңбек жағдайларын, соның ішінде бәсекеге қабілетті жалақыны қамтамасыз ету қажет. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасының орынбасары Тазабек Сәмбетбай дәрігерлер мен педагогтар ең жоғары жалақы алуы тиіс екенін айтып, жүйелі өзгерістердің қажеттігін атап өтті. «Ауыл» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Серік Егізбаев өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін жүйелі шаралар керек екенін жеткізді. Respublica партиясының өкілі Екатерина Смолякова ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандарды даярлау мәселесін көтерді.
Үшінші кезең «Бетпе-бет» форматында өтті. Бұл кезеңде партия өкілдері бір-біріне сұрақ қойды.
Серік Егізбаев Қазақстан халық партиясы өкілінен неге партия жас мамандардың міндетті жұмыс істеу мерзімін қысқартуды ұсынатынын сұрады. Ислам Сұңқар бұған жауап ретінде, белгілі бір мамандық бойынша білім алған адам сол салада жұмыс істеуі тиіс екенін, мемлекет бөлген қаражат нақты экономикаға қызмет етуі қажет екенін айтты.
Нұргүл Қадырбаева «Ауыл» партиясынан ауыл мәселесін қалада отырып қалай тиімді шешуге болатынын сұрады. Серік Егізбаев партияның 69 кандидатының барлығы ауылдан шыққанын, олардың ауыл өмірін жақсы білетінін және әрбір екінші кандидат әлі күнге дейін ауылда жұмыс істейтінін атап өтті.
Ренат Бектұров Respublica партиясынан жұмысшы және инженер мамандықтарының беделін арттыру үшін қандай шаралар ұсынылатынын сұрады. Екатерина Смолякова партияның кәсіпкерлік пен еңбек адамын қолдайтынын айтып, бірқатар заңнамалық бастамаларды атап өтті. Оның айтуынша, ауыл кәсіпкерлері үшін несие мөлшерлемесі 12 пайыздан 6 пайызға дейін төмендетілген. Сонымен қатар жаңа Салық кодексін талқылау барысында ұсынылған 20 пайыздық мөлшерлеме 16 пайызға дейін қысқартылған. Сондай-ақ партия жеке тұлғаларға арналған автолизинг енгізуді ұсынған.
Тазабек Сәмбетбай «Ақжол» партиясынан жұмыссыздық мәселесін шешу жолдарын сұрады. Олжас Нұралдинов партия саясатының негізі шағын және орта бизнесті дамыту екенін айтты. Кейін ол «Әділет» партиясына мемлекеттік басқаруға жасанды интеллект енгізудің салдары туралы сұрақ қойды. Ренат Бектұров жасанды интеллектті қауіп ретінде қабылдамау керегін айтып, оның жаңа мамандықтар мен жұмыс мүмкіндіктерін ашатынын жеткізді.
Қазақстан халық партиясының өкілі Ислам Сұңқар Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан төрт күндік жұмыс аптасының тиімділігі туралы сұрады. Тазабек Сәмбетбай бұл бастама халықаралық тәжірибеге негізделгенін айтып, қазіргі таңда оны енгізуге барлық мүмкіндік бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай тәжірибе Еуропаның бірқатар елінде тиімділігін дәлелдеген, ал Қазақстанда екі миллионға жуық адам қашықтан жұмыс істейді.
Көрермендер қатысушылардың сөзін экрандағы QR-код арқылы бағалап, онлайн дауыс беруге қатысты. Сауалнаманы Орталық сайлау комиссиясы аккредитациялаған «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізуде.
Аралық нәтижелер бойынша 15 876 адам дауыс берген. Нәтижелер төмендегідей бөлінді:
- «Әділет» — 66,1 %;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 2,8 %;
- «Байтақ» — 0,3 %;
- Қазақстан халық партиясы — 8,2 %;
- «Ауыл» — 2 %;
- «Ақжол» — 13,1 %;
- Respublica — 7,1 %;
- «Ешқайсысы ұнамады» — 0,4 %.
Тікелей эфир барысында көрермендерден әлеуметтік желілер арқылы сұрақтар қабылдау жалғасты. Қазіргі таңда келіп түскен сұрақтар мынадай бағыттар бойынша бөлінген: әлеуметтік сала — 40,37 %, экономика — 19,27 %, мәдениет — 16,51 %, саясат — 13,76 %, экология — 10,09 %.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Малсыңдар»: Димаш Құдайберген әйелін ұратын еркектерді сөкті
- Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға сот үкімі шықты
- Мектепте атыс шығарып, әрекетін стримде көрсеткен: Екі оқушы қаза тапты
- Шакира жер сілкінісінен кейін Колумбияда 10 мектеп салып бермек
- Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталды
- Бақытжан Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен бірге видео жариялады
- 240 млн теңгеге жасалған Steppe Rider қазақ тілін үйретіп жарытпады: ҰҚК мен экономикалық тергеу тексеріп жатыр
- Тоқаев ТЖМ басшысына заманауи технология енгізіп, өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөнінде тапсырма берді
- Таразда аутизмі бар баланы балабақшада байлап ұйықтатпақ болған: Анасы жай-жапсарын айтты
- Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қыркүйек айының соңына дейін тоқтатылды
- Алматыда әйелді балағаттаған ер адамға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр
- Оқушылар арасында ауру көбейді: 242 мың бала есепке алынды
- Еліміздің оқушыларына өмірлік қиындықтарды еңсеру дағдылары үйретіледі
- «Заң және тәртіп»: Қазақстан мектептерінде үш жаңа міндетті пән болады
- Үкімет басшысы 100-ден астам мектептің жөндеу жұмысын екі аптада аяқтауды тапсырды
- Трампты қолдау рейтингі 33%-ға дейін төмендеді — бұл оның президенттігі кезіндегі ең төмен көрсеткіш
- Бас прокурор: Шетелдегі 12 алаяқтық байланыс орталығынан түскен миллионнан астам қоңырау тоқтатылды
- «Депрессия» туралы әзіл: NARXOZ университетінің жазбасы сынға қалды
- Алматыда ескі көліктерді арнайы компания арқылы сатып алу тетігі іске қосылады
- Бірінші сыныпта баға қойылмайды: Жаңа оқу жылынан бастап бағалау жүйесі өзгереді