Мамыр айында күн суыта ма?:«Құралайдың салқыны»
Фото: ЖИ арқылы жасалды
Мамыр айында күн күрт құбылып, аяқ астынан салқын түсіп, жел күшейіп, жауын-шашын болуы мүмкін. Қазақ халқы мұндай ауа райын ертеден-ақ алдын ала болжаған. Әсіресе мамыр соңына қарай байқалатын «Құралайдың салқынымен» байланыстырып, табиғат мінезін жан-жануар тіршілігі арқылы таныған. Orda.kz шамамен мамырдың 20-да басталатын «Құралайдың салқынынан» сыр шетеді.
Қазақ арасында «Құралайдың салқынын» білмейтін адам аз шығар. Күн жылынып, жұрт жеңіл киімге көшкен тұста аяқ астынан қайтадан қара суық түсіп, жел күшейіп, жаңбыр аралас салқын күндер басталатыны бар. Бұл құбылыс көбіне мамырдың 20-сы маңында байқалып, шамамен он шақты күнге созылады.
Халықтық атаудың өзі табиғаттағы ерекше құбылыспен — киіктің төлдеуімен байланысты. Дәл осы кезде ақбөкендер төлдеп, жаңа туған лақтарын «құралай» деп атаған. Сондықтан бұл мезгіл «Құралайдың салқыны» аталып кеткен.
Қазақ есепшілері бұл кезеңнің уақытын дәл болжау үшін «текебұрқылдақ» амалына сүйенген. Яғни киіктің күйекке түсу, шағылысу мерзімін бақылап, көктемдегі төлдеу уақыты мен оған сәйкес келетін ауа райының өзгерісін алдын ала анықтап отырған.
Киік төлдегенде табиғат неге құбылады?
Халық түсінігінде «Құралайдың салқыны» жай ғана салқын күндер емес, табиғаттың ерекше сәйкестігі. Үлкендердің айтуынша, дәл осы кезде аспанды бұлт торлап, жел күшейіп, күн түнеріп кетеді. «Киік лақтаған жерге найзағай ойнайды» деген сөз де бекер айтылмаған.
Бір қызығы, мыңдаған киік небәрі екі-үш күн ішінде жаппай төлдеп үлгереді деген түсінік бар. Жаңа туған құралай алғашында тапжылмай жатады, ал бірнеше сағаттан соң аяққа тұрып, аз уақыт ішінде енесіне еріп кетеді. Киіктің сағатына 60 шақырымға дейін жүгіре алатыны белгілі, ал табиғи сұрыпталу жаңа туған лақтың тез аяқтануына ықпал етеді.
Халық арасында «суық күнде жыртқыштың тәбеті қайтады» деген ұғым да бар. Сондықтан салқын мен желдің күшеюі жаңа туған құралайларды дала жыртқыштарынан сақтайтын табиғи қорған іспетті қабылданған.
Түйетабан мен құралай: Табиғат үндестігі
Қазақ танымында «Құралайдың салқыны» тек киікпен ғана емес, өсімдік әлемімен де байланыстырылған. Дәл осы кезеңде далалық аймақтарда өсетін түйетабан өсімдігі қаулап шығып, үлкен жапырақтарымен жаңа туған құралайларға табиғи қалқан болады деген түсінік бар. Биік шөп пен жалпақ жапырақ астына жасырынған төлдерді жыртқыш құстар байқамайды деп сенген.
Табиғаттағы мұндай үйлесімділік көшпелі дүниетанымда ерекше мәнге ие болған. Сондықтан ақбөкен қазақ ұғымында киелі жануар саналып, оны себепсіз аулауға тыйым салынған.
Үркердің батуы мен шілденің ыстығы
Қазақтың ауа райын болжау тәжірибесі мұнымен шектелмейді. Мамырдың соңы мен маусым басында аспаннан Үркер шоқжұлдызы көрінбей кетеді. Мұны халық «Үркердің батуы» деп атаған. Ал маусымның екінші жартысында Үркер қайта көріне бастағанда, аптап ыстық кезең — «Қырық күн шілде» басталады деген түсінік қалыптасқан.
Шілденің қапырық ыстығынан кейін жауатын қысқа жаңбырды халық «Үркер толғағы» деп атаған. Бұл да табиғат заңдылығын бақылаудан туған халықтық болжамдардың бірі.
Қазақтың табиғатты тану мектебі
«Бесқонақ» пен «Құралайдың салқыны» — жай ғана көнеден жеткен атаулар емес. Бұл — қазақ халқының табиғатты оқып, мезгіл мінезін аңғарып, тіршілікке бейімделуінің көрінісі. Ата-бабалар ұшқан құсқа, жортқан аңға, жұлдыз қозғалысына, желдің бағытына қарап-ақ алдағы ауа райын болжаған.
Сондықтан бүгін біз «бесқонақ келе жатыр» немесе «құралайдың салқыны басталды» деген сөзді естігенде, оның астарында ғасырлар бойы жинақталған дала даналығы жатқанын ұмытпаған жөн.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық