Қуаңшылық кезінде батыс өңірлерге шөп тасыған Құрмет Талапқазы үйленді
Фото: instagram/ qurmet_talaphazi
2021 жылы Маңғыстаудағы қуаңшылық кезінде Қазақстанның оңтүстігінен бас көтеріп, шөп жинап, жіберген Құрмет Талапқазы шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Orda.kz.
2021 жылы жаз бойы қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарға шөп тасыған Құрмет Талапқазы қуанышты жаңалығын айтты. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші сұрап, оқырмандарын қуантып қойды.
«Сүйінші ағайын, көптен күткен өмірдегі бір қуаныш, бір қайғы, бір парыз – махаббатыммен некемді қидым, құтты болғай» деп жазды ол парақшасында.
Желі қолданушылары Құрметке ақ тілегін жаудырып, батасын берді.
Еске салайық, 2021 жылдың жаз мезгілінде малы аштан қырылып, қуаңшылық басқан өңірлерге жем-шөп жеткізуді ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғыны Құрмет Талапқазы университетке тегін қабылданды. Ол «Адал еңбегі үшін» марапатталды.
Сол жылы халықтың ұсынысына құлақ салған журналист Мақсат Толықбай жазда қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға шөп орып, көмек қолын созған Құрмет Талапқазыға үй алып беру бастамасымен елден ақша жинап, жас жігітке үй сыйлады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық