Оңтүстік Корея президенті КХДР-ге бейбіт келіссөз бастауды ұсынды
Фото: Әлемдік БАҚ-тардан
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён Солтүстік Кореяға екі ел арасындағы соғысты тоқтату жөнінде тікелей келіссөз бастауды және Пхеньянның ядролық бағдарламасын одан әрі дамытуын тоқтатуға бағытталған шараларды талқылауды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ли Чжэ Мён бұл ұсынысын 15 тамызда Кореяның Жапонияның отарлық билігінен азат етілуінің 81 жылдығына арналған салтанатты шарада айтты.
Президент Сеул мен Пхеньянды бір-біріне қауіп төндіруді тоқтатып, қақтығысқа тікелей қатысушы тараптар ретінде келіссөз бастауға шақырды. Оның айтуынша, диалог Солтүстік Кореяның ядролық әлеуетін одан әрі арттыруды тоқтатудың жолдарын табуға да мүмкіндік береді.
Ли тұрақсыз «бітім жүйесінің» орнына бейбітшілік режимін орнатуды көздейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар ол әскери шиеленісті төмендетуге, текетірес деңгейін бақылауға және ықтимал дағдарыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесін құруды ұсынды.
«Оңтүстік және Солтүстік Корея бейбіт қатар өмір сүру және өзара даму үшін келіссөздер үстеліне отырады деп үміттенемін», – деді ел президенті.
Сонымен қатар екі ел арасындағы қарым-қатынас әлі де шиеленіскен жағдайда қалып отыр. КХДР басшысы Ким Чен Ын бұған дейін Оңтүстік Кореямен қайта бірігу саясатынан бас тартып, оны «ең дұшпан мемлекет» деп атаған.
Пхеньян Ли Чжэ Мённың диалогты қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстарын да қабылдамады. Сондай-ақ Сеулдің ядролық сүңгуір қайықтар жасау жоспарларын сынға алып, АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери оқу-жаттығуларын арандатушылық деп атады.
Оңтүстік және Солтүстік Корея ресми түрде әлі де соғыс жағдайында. 1950–1953 жылдардағы Корей соғысы бітіммен аяқталғанымен, тараптар арасында бейбіт келісімшартқа әлі күнге дейін қол қойылған жоқ.
Ли Чжэ Мён 2025 жылғы маусымда Оңтүстік Корея президенті қызметіне кірісті.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда сот бұрынғы президент Юн Сок Ёльді 2024 жылы әскери жағдай енгізуге әрекет жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын.
Бұған дейін Оңтүстік Корея президенті қажетсіз әскери шиеленіс тудырған жауапсыз және ойсыз әрекеттерге байланысты кешірім сұраған. Корея Халық Демократиялық Республикасы орталық ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ким Чен Ын бұл қадамды адал әрі кең пейілді адамның әрекеті ретінде бағалаған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық