Алматыда сегіз жылға жуық тоқтап қалған Сайын көшесінің жалғасы ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда Сайын көшесінің жаңа учаскесі бойынша қозғалыс ашылды. Ұзындығы 3,2 шақырым болатын жол бөлігі қазірдің өзінде автокөлік жүргізушілеріне қолжетімді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Сайын көшесін Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейін ұзарту жобасы 2018 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келген.
Құрылыс мерзіміне әсер еткен негізгі факторлардың бірі – жер телімдерін сатып алу үдерісі болған. Соңғы учаскені босату 2025 жылдың қазан айында аяқталып, бұл қорытынды жұмыстарды бастауға мүмкіндік берген.
Қазіргі уақытта жолдың жүру бөлігінде асфальтбетон жабынының төменгі қабаты төселген. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін жолшылар асфальттың үстіңгі қабатын төсеуге кіріседі.
Сонымен қатар жаңа магистраль бойында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қатар жүргізілуде. Атап айтқанда, қосалқы жолдар, жаяу жүргіншілер жолы мен веложолдар салынып, айналасы абаттандырылуда.
Жұмыстың жалғасуына байланысты аталған учаскеде уақытша жылдамдық шектеуі енгізіліп, 40 шқ/сағ деңгейінде белгіленген. Жүргізушілерден жол белгілерін сақтап, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану сұралады.
Жаңа жол учаскесінің ашылуы қала аудандары арасындағы көлік қатынасын жақсартып, көршілес магистральдарға түсетін жүктемені азайтады деп күтілуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық