Көптен күткен Зеленский мен Трамптың кездесуі 28 желтоқсанда өтеді
Фото: Владимир Зеленскийдің телеграм-арнасы
Зеленскийдің кеңсесі оның Трамппен кездесуі 28 желтоқсанда Флоридада өтетінін растады, деп хабарлайды Orda.kz DW-ге сілтеме жасай отырып.
Украина бойынша 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспар қазірдің өзінде 90 пайызға дайын. Бұл туралы жұма, 26 желтоқсанда Украина президенті журналистермен онлайн-сөйлесу кезінде мәлімдеді.
Украина көшбасшысының айтуынша, 28 желтоқсанға жоспарланған АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу барысында ол Киевке қауіпсіздік кепілдіктеріне байланысты құжаттар топтамасын талқылауға ниетті.
Владимир Зеленский сондай-ақ Украинада президенттік сайлау мен референдум өткізу бойынша заңнамалық бастамалар бар екенін, осыған байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты мәселе болып қалатынын атап өтті.
Украина президенті келіссөздерге қатысатын барлық төрт тараптың - Украина, АҚШ, Ресей және Еуроодақтың келісімінсіз түпкілікті бейбіт шартқа қол қоюға болмайтынын айтты.
2025 жылы Владимир Зеленский Ақ үй басшысымен келіссөз жүргізу үшін АҚШ-қа үш рет барды, соңғысы - 17 қазанда.
Естеріңізге сала кетейік, Украина Президенті Владимир Зеленский Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы барысында Дональд Трамппен өткен жабық кездесуі кезінде ұзақ қашықтыққа ұшатын Tomahawk қанатты зымырандарын беруді сұрады, бірақ Трамп бас тартты.
Бұған дейін Зеленский Трамптың Украина жөніндегі бейбіт жоспарының мазмұнын жариялаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық