Зеленский бейбітшілік жоспарының 20 тармағын атады
Фото: Зеленскийдің телеграм-арнасы
Украина президенті Владимир Зеленский журналистерге арналған брифингте АҚШ-пен соңғы күндері өткен келіссөздер қорытындысы бойынша соғысты тоқтатуға бағытталған америкалық жоспардың мазмұнын егжей-тегжейлі түсіндірді. Зеленский бейбітшілік жоспарының барлық 20 тармағын атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Олар:
- Украинаның егемендігін растау.
2. Ресей мен Украина арасындағы шабуыл жасамау туралы келісім, соқтығысу сызығын бақылау.
3. Украинаның қауіпсіздік кепілдіктері.
4. Украина армиясының саны 800 мың адаммен шектеледі.
5. АҚШ, НАТО және Еуропа НАТО Жарғысының бесінші бабына сай Украинаға қауіпсіздік кепілдігін береді. Ал егер Ресей Украинаға басып кірсе, «әскери жауап болады» және санкциялар жаңартылады.
6. Ресей барлық қажетті заңдарда Еуропа мен Украинаға қарсы шабуыл жасамау саясатын бекітеді.
7. Украина белгілі бір уақытта ЕО мүшесі болады.
8. Жеке инвестициялық келісімде анықталған Украина үшін жаһандық даму пакеті ашылады.
9. Украинаны қалпына келтіру мәселелерін шешу үшін қорлар құру көзделеді.
10. Украина АҚШ-пен еркін сауда туралы келісім жасау процесін жеделдетеді.
11. Украинаның ядросыз мәртебесі.
12. Запорожье атом электр станциясы Украина, Ресей және АҚШ-тың бірлескен басқаруына беріледі. Алайда Зеленский Украина бұл нұсқаны қолдамайтынын, тек Украина мен АҚШ-тың ортақ басқаруына ғана келісетінін айтты.
13. Украина мен Ресей әртүрлі мәдениеттерді тануға, нәсілшілдік пен алалаушылықты жоятын білім беру бағдарламаларын енгізуге міндеттеледі.
14. Днепропетровск, Сумы, Харьков және Николаев облыстары аумағынан Ресей өз әскерін толық шығаруы тиіс.
15. Болашақ аумақтық келісімдер келісілгеннен кейін Ресей мен Украина бұл келісімдерді күшпен өзгертпеуге міндеттеледі.
16. Ресей Украинаға Днепр өзені мен Қара теңізді пайдалануға кедергі болмайды.
17. Барлық тұтқындармен алмасу. Балалар мен саяси тұтқындарды қайтару.
18. Украина келісімге қол қойылғаннан кейін сайлауды мүмкіндігінше тезірек өткізуі керек.
19. Осы келісім заңды түрде міндетті болады. Оның орындалуын Трамп бастаған бейбітшілік кеңесі бақылайды.
20. Барлық тараптар осы келісіммен келіскеннен кейін атысты толық тоқтату дереу күшіне енеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық