Зеленский Тomahawk зымырандарын сұрады, Трамп бас тартты
Фото: Владимир Зеленскийдің телеграм-арнасы
Украина Президенті Владимир Зеленский Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы барысында Дональд Трамппен өткен жабық кездесуі кезінде ұзақ қашықтыққа ұшатын Tomahawk қанатты зымырандарын беруді сұрады, деп хабарлайды Orda.kz The Telegraph-қа сілтеме жасап.
Кездесу барысында украин көшбасшысы мыңдаған шақырым қашықтыққа ұша алатын бұл зымырандар «Владимир Путинді келіссөз үстеліне отыруға көндіре алады» деп атап өтті.
Кейінірек Axios басылымына берген сұхбатында Зеленский Америка тарапынан жаңа қару жүйесін сұрағанын растады. Оның айтуынша, бұл жүйе Мәскеуді бейбіт жолмен реттеу нұсқаларын қарастыруға мәжбүр етер еді. Алайда нақты қандай жүйе екенін ол нақтыламады.
Украина президентінің айтуынша, Трамп оған:
«Біз бұл мәселе бойынша жұмыс істейміз», - деп жауап берген.
Алайда The Telegraph еске салғандай, АҚШ-тың алдыңғы әкімшілігі кезінде де Киевтің Tomahawk зымырандарына қатысты өтініштері қанағаттандырылмаған болатын. Ол кезде Джо Байден бұл зымырандарды жеткізуді тым қауіпті деп бағалады, өйткені олар Мәскеудегі нысаналарды да соққыға ала алады және Ресейдің қазіргі әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін айналып өте алады.
Кейін белгілі болғандай, Трамп Украина тарапынан берілген қару-жараққа қатысты көптеген ұсыныстарды талқылауға дайын болғанымен, Tomahawk зымырандарын беруге қарсы болған. Тіпті бұл ұсыныс НАТО елдері тарапынан одақтас ретінде берілуі мүмкін болса да, ол оған келіспеген. Axios-тың хабарлауынша, бұл Трамптың келіспеген жалғыз тармағы болған.
Сонымен қатар, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио еуропалық әріптестеріне Трамптың Украинаға қатысты ұстанымындағы өзгерісті «максималды жағымды белгі» ретінде қабылдау керек екенін жеткізді. Оның айтуынша, Ақ үй басшысы Путиннің соғысты аяқтауға бағытталған әрекеттеріне жауап бермегеніне қатты ашулы.
Еске салайық, Нью-Йорктегі Зеленскиймен кездесуден кейін Трамп Еуроодақ пен НАТО-ның қолдауымен Украина өз территориясының барлығын қайтарып ала алады деп мәлімдеді. Ол мұндай қорытындыға Украинаның Ресейге туындатып отырған экономикалық қиындықтарын көрген соң келген сыңайлы.
Жақында Fox News-ке берген сұхбатында Украина президенті Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей көшбасшысы Владимир Путинге қатысты төзімінің таусылуға жақын екенін айтып, «Сабырым сарқылса қатаң әрекет етуге мәжбүр боламыз» деген болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық