Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау аясында екі мыңнан астам адам бостандыққа шықты
Фото: Pixabay
2025 жылғы рақымшылық жасау қорытындысы бойынша екі мыңнан астам сотталушы бостандыққа шықты, тағы 15 мыңнан астам адамның жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлағандай, соттар 16 мыңға жуық ұсыныс қараған. ҚАЖ мекемелерінен екі мыңнан астам адам босатылды, 11 мыңнан астам адамға бас бостандығынан айыру мерзімі қысқартылды.
Рақымшылық жасау пробация қызметінде тіркелгендерді де қамтыды. Жазадан 2888 адам босатылды, 7600-ге жуық адамның соттылығы қысқартылды.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, рақымшылыққа бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттар: кәмелетке толмағандар, балалы әйелдер, жүкті әйелдер, егде адамдар және мүгедектігі бар азаматтар жатады. Әңгіме онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы болып отыр. Ауыр зорлық-зомбылық, террористік және сыбайлас жемқорлық қылмыстар рақымшылыққа ілікпейді.
Заң 2025 жылғы маусымда күшіне енді. Босатылғандардың барлығы пробациялық бақылауда және полицияда жеке есепке алынған. Ведомство атап өткендей, рақымшылық жасау пенитенциарлық жүйеге түсетін ауыртпалықты азайтып, адамдардың бейімделуі мен қалыпты өмірге оралуына баса назар аударатын адамгершілікке жасалған қадам.
Жыл басында ішкі істер министрлігі бюджетті үнемдеу сақсатында екі мыңнан астам сотталған әйелге рақымшылық жасау бастамасын қолдаған болатын. Сотталған әйелдерге рақымшылық жасау күн сайын 5,8 миллион теңге, ал жылына 2,1 миллиард теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Тақырыпқа қатысты оқи отырыңыз:
- Депутат сотталған әйелдерге рақымшылық жасауды ұсынып отыр
- Рақымшылыққа іліккен Жомарт Ертаев бостандыққа шықты
- Шерзат ісімен сотталғандардың бірі рақымшылыққа ілінуі мүмкін
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық