Шерзат ісімен сотталғандардың бірі рақымшылыққа ілінуі мүмкін
Коллаж: Orda.kz
Биыл елімізде 15 мың адамға рақымшылық жасалады. Олардың арасында 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталған Думан Ысқақ та болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты. Жуырда ғана сот үкім шығарған Шерзат ісінде Думан Ысқақ рақымшылыққа ілінуі мүмкін. Ол қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1,5 жылға сотталды.
«Шерзат Полат ісін бәріміз қарадық. Ол жерде адам өліміне әкеліп соққан іс болғандықтан рақымшылық актісі қолданылмайды. Қалай болған күннің өзінде адам өліміне алып келген бап болса, егер бұзақылық бабы болса да адам өліміне әкеліп соқса, онда рақымшылық қолданылмайды. Ал қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмысты хабарламау) бойынша жазаланса, рақымшылыққа ілінуі мүмкін», – дейді депутат.
Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков түрмеде отырған 4 жасөспірім рақымшылыққа ілігетінін айтты. Қазір 75 бала колонияда жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінде 70 ұл, 5 қыз бар екен.
Айта кетейік, 2006 жылы Тәуелсіздік күніне орай 5 579 адамға амнистия жасалған. 2012 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай – 3702 адам, 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай – 5010 адам, 2021 жылы Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай 2 470 адам босап шыққан.
Еске салайық, бұған дейін қаңтарда «Ауыл» партиясының депутаты Қарақат Әбден сотталған әйелдерге рақымшылық жасауды ұсынған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық