Көңілдесін соққыға жыққан Қандыағаш әкімі айыппұлмен құтылды
Фото: gov.kz
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр сотпен кінәлі деп танылды. Қылмыстық іске үкім шықты. Шендіге 80 АЕК көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырды жазаға тартты. ҚК-тің 109-1 бабы 1 бөлігі «ұрып-соғу» бойынша айыпталған шенді 80 АЕК айыппұл төлейді. Сонымен қатар, жәбірленушінің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды.
«Қазбек Аққайыр ҚР Қылмыстық кодексітің 109-1 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 80 АЕК көлемінде, яғни, 314 560 теңге көлемінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалсын. Азаматтық талапкердің моральдық шығын өндіру түріндегі азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылсын. Қазбек Аққайырдан 100 мың теңге моральдық зиян және мемлекет пайдасына 1966 теңге мемлекеттік баж өндірілсін. Сотталушыдан жәбірленуші пайдасына 100 мың теңге өкілдің шығыны өндірілсін. Аққайырға үкімнің азаматтық талап бөлігін ерікті түрде орындау үшін үкім заңды күшіне енгеннен бастап 15 тәулік мерзімі белгіленсін. Үкім жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде Ақтөбе облыстық сотына апелляциялық шағым түсіруге құқылы», — деді судья.
Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы мен жалғызбасты әйел арасындағы оқиға 2024 жылы 26 желтоқсан күні әкімнің кеңсесінде болды. Айыптауда сотталушының жәбірленушіні мойнынан қысып ұстап, бірнеше рет ұрғаны айтылды. Нәтижесінде денсаулыққа жеңіл дәрежеде зиян келген. Әкім қылмыстық теріс қылық жасады деген күдікке ілінді.
Сотталушы соңғы сөзде ақтауды сұрап, Тоқаевтың шу шығаратын әйелдер туралы айтқанын оқыды.
«Президент келеңсіз оқиғалар жайлы: «Өкінішке қарай, олардың ішінде айқай-шу шығаратын, балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әйелдер де бар» деп Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан болатын. Осындай әйелдер біздің Қандыағашымызда бар», — деді Аққайыр.
Еске салсақ, осыған дейінгі сот отырысында Қандыағаш қаласы әкімінің жалғызбасты әйелмен әуейі болғанын мойындағаны туралы жаздық. Араларында бейресми қарым-қатынас болған жас әйел әкімнің үстінен сотқа шағым түсірді.
Қазбек Тілеуханұлы 1986 жылы Талдысай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Еңбек жолын мұнай саласынан бастаған. 2018 жылдан бері мемлекеттік қызметте. 2024 жылы Қандыағаш қаласы әкімі болып сайланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық