«Отбасымды да, сені де тастамаймын»: Ақтөбелік әкім жалғызбасты әйелді ұрғаны үшін істі болды
Фото: Gov.kz
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайыр қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылды. Араларында бейресми қарым-қатынас болған жас әйел әкімнің үстінен арыз жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотына Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек Аққайырға қатысты іс Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы бойынша өтті. Шенді теріс қылығы үшін күдікті болып отыр.
Іс материалдарына сүйенсек, оқиға 2024 жылдың 26 желтоқсанында әкімнің кеңсесінде болған. Әкім мен бейресми қарым-қатынасы бар жас әйелдің арасында түсініспеушіліктен жанжал басталған. Әкім әйелдің мойнынан қысып ұстап, басының сол жағы мен мұрын тұсынан бірнеше рет ұрған.
Нәтижесінде денсаулыққа жеңіл дәрежедегі зиян келтіру әрекеттерін жасап, Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1 бөлігі бойынша қылмыстық теріс қылық жасады деген күдікке ілінді.
Қазбек Аққайыр сотта өзіне тағылған айыппен толықтай келіскен жоқ. «Жала» деп санайды. Жәбірленушімен татуласқысы келмейтінін айтты.
Жәбірленушінің үш баласы бар, тәрбиеші болып жұмыс істейді.
«Мен Аққайырды 2021 жылдан бері танимын. Басында әлеуметтік желі арқылы таныстық. Одан кейін бейресми түрде жеке қарым-қатынас болды ортада. Өзінің отбасылы екенін айтты. «Отбасын тастамаймын, отбасын да ренжітпеймін, сені де ренжітпеймін» деген ұстанымы болды. Қарым-қатынас орнады. Осы қараша, желтоқсан айында да біраз кикілжің болды ортада. Бірақ өкінішке қарай ол кезде ауруханаға қаралмадым. Желтоқсанда барғанда күш қолданды. Өмірімде алғаш рет ер азамат солай қол жұмсады. «Шокқа» түсіп қалдым. Жарақат алғаным рас. Қылғындырып тұрып, жұдырықпен ұрды. Мойнымнан қылғындырып, жарға дейін апарды», — деді жәбірленуші сотқа берген жауабында.
Прокурор сотта жәбірленушіден «қарым-қатынас болғанда қыз бен жігіт сияқты ма?» деп анықтап сұрады. Жәбірленуші «Иә, 2024 жылдың мамыр айынан» деп жауап берді.
Сот қазіргі уақытта жәбірленушіден жауап алды. Әкімдік қызметкерлері, жергілікті блогерлер куә ретінде шақырылды. Іс құжаттарын зерттеген сарапшылардың пікірі тыңдалды. Блогерлер жәбірленушіге келіп, әкімнің үстінен жазылған арызды қайтып алуды сұраған.
«Әкіммен жағаласып қайтесің? Тыныш жүр, ештеңе дәлелдей алмайсың» деген сөздер айтқан. Кейін жұмыс орнында бастығы шақырып: «Маған жоғарыдан хабарлама түсіп жатыр. Жұмыс керек болса не істейсің, жалғызбастысың», деп айтқан.
Сотта әрі қарай іс материалдары зерттеледі. Сотталушыдан жауап алынады.
Қазбек Аққайыр 2024 жылдың шілде айында Қандыағаш қаласының әкімі болып сайланды. Шенеунік биыл екі рет тәртіптік жазаға тартылды. Ақпан айында қатаң сөгіс және қыркүйекте қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту алған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық