Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты

cover Фото: Ашық дереккөзден

10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісі салдарынан кемінде 281 адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

Тағы 3 971 адам жарақат алған, 379 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Қаза тапқандардың ең көп саны Кали қаласында тіркелді. Онда табиғи апат салдарынан 96 адам көз жұмған.

Жер сілкінісі елдің батысындағы Чоко департаментіндегі Сан-Хосе-дель-Пальмар қаласының маңында болған.

Бұған дейін жер сілкінісінен 273 адам қаза тапқаны хабарланған еді. Құтқару қызметтері зардап шеккен аудандарда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар