Коллекторлық агенттік бүкіл қазақстандықтардың дерегін заңсыз сақтаған
Фото: gov.kz
Жетісу облысында құқық қорғау органдары қызметкерлері заңсыз коллекторлық агенттіктің қызметін тоқтатты. Тергеу мәліметінше, агенттік қызметкерлері Қазақстанның шамамен 16 миллион азаматының жеке деректерін заңсыз пайдаланған, деп хабарлайды Orda.kz.
Анықталған ақпараттық жүйе арқылы азаматтарды аты-жөні, ЖСН және ұялы телефон нөмірі бойынша іздеуге мүмкіндік болған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында деректер базасын ұйымдастыруға және пайдалануға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды. Тінту кезінде компьютерлер, серверлік құрылғылар және мобильді құрылғылар тәркіленді.
«Олардың тұрғылықты жері мен жұмыс орындарында санкцияланған тінту жүргізілді. Нәтижесінде жеке деректерді сақтау мен өңдеуге пайдаланылуы мүмкін көптеген компьютерлік техника мен мобильді құрылғылар алынды», деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері құпия ақпараттың қайдан алынғанын анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық